• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Қыркүйек, 2010

Хоккей

409 рет
көрсетілді

Бабы мен бағы келіскен жеңді Өткен аптада Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымының шымылдығы ашылды. Осы бәсекеге бірнеше жылдан бері қатысып, бақ сы­насып келе жатқан Астананың “Барыс” командасы тырнақалды ойынын Череповецтің “Северсталь” клу­бы­мен өткізді. Өкінішке қарай, өз алаңында алғашқы ойынын бастаған астаналықтар бұл кездесуде қар­сы­ластарынан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Кездесудің ашылуына Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов қатысты. Жергілікті хоккейшілер бірінші бо­лып есеп ашып, одан кейін есепті еселесе де ойын­ның соңына дейін өз қақпасына бес бірдей шайбаны жіберіп алды. Матчтың соңында “Барыс” клубының бас бапкері Ан­дрей Хомутов команда сапында Талғат Жайлауов пен Кевин Даллмен гол соққанымен, ойыншылардың кө­бісінің айдыннан қуылып, соның кесірінен үш ой­ын­шы қалғанда қарсыластарынан үш бірдей голды жі­беріп алғанын айтты. Осы жағдайды тиімді пайда­ланған ресейліктер астаналықтар қақ­па­сына тағы екі шайба салып, айлаларын асырып кетті. Дастан КЕНЖАЛИН.