• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2010

Ойы да, бойы да сергек

537 рет
көрсетілді

Солтүстікқазақстандық банкирлер жылдың төрт мезгілінде спорт спартакиадаларын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қызылжар өңірі банк қызмет­керлерінің саламатты өмір сүру сал­тын спортпен тығыз байланыс­тырғанына 15 жылдан асты. Осы бір жақсы дәстүр Ұлттық банкі Солтүстік Қазақстан жергілікті фи­лиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың облыстық мини-футбол федерациясына төраға болып сайлануынан басталды. Ол бірде осы спорт түрінен банкирлер арасында жарыс өткізуге бекінді. Ал­­ғашқы турнирді өзі жетекшілік ететін ұжымда ұйымдастырды. Көп­­­­­шіліктің қызығушылығы күт­­кен­дегіден де асып түсті. Сөйтіп игі­­­­лікті шара басқа банк бөлім­шелері арасында кеңінен қанат жайды. Банкир қыздар да доп те­буді үйреніп, жарыс көрігін қыз­ды­ратын болды. Барлық жастағы банкирлердің спортпен шұғылдану­ын көздеген Жомарт енді әріпте­с­­­терімен бірлесе отырып спорттың басқа түрлерін де жандандыруға бел шеше кірісті. Бұқаралық-спорттық қозғалысты дамытудың іс-шара­ла­рын жасап, мини-футболдан басқа шаңғы, волейбол, жеңіл атлетика түрлері енгізілді. Содан бері жыл­дың төрт мезгіліне ыңғайласты­рыл­ған спорттық спартакиадалар он жылдан бері үзбей жалғасып келеді. Бұдан тысқары шахмат, дойбы, үстел теннисі, баскетболдан да турнирлер өткізіліп тұрады. Биыл спорттық спартакиадалар­дың қай-қайсысына болсын екінші дәрежелі банктердің 17 филиалы­нан 400-ден астам адам қатысып, шын мәніндегі бұқаралық іс-ша­раға айналды. Сөз арасында ми­ни­футболдың аса тартысты өткенін ай­та кеткен жөн. Жомарт жетек­ші­лік ететін ұжым өз тарихында тұңғыш рет чемпион атанып, үнемі бәйге төрін бермейтін “Халықтық банк, Қазкоммерцбанк” сынды банк филиалдарын жер қаптырды. Дмитрий Цыганков қарсыластар қақпасына 24 гол соғып, “Ең үздік шабуылшы” атағын жеңіп алды. – Елбасы дені сау ұлт – жал­пы­ұлттық міндет екенін атап көр­сеткен болатын. Ол талаптарды жү­зеге асыру әр отбасыдан, әр ұж­­ым­нан бастау алары анық. Саламатты өмір сүруге дағдыланған адамдар бой­ларын әркез сергек ұстайды, жаман әдеттерден аулақ болады. Жа­сыратыны жоқ, адамның ден­сау­лығы өз қолында екенін көп жағ­дайда ескере бермейміз. “Са­ламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы ана мен баланың денсаулығын жақ­сарту, жалпы өлім мен аса қауіпті ауруларды болдырмау, алдын алу, адамның өмір жасын ұзарту, де­мо­графиялық ахуалды жақсарту с­е­кілді өте маңызды мақсаттардан ту­ған. Біз де осынау мемлекеттік мә­селеге өз үлесімізді қосуды па­рыз са­наймыз, – дейді спортты өм­ір­лік серік еткен облыстың бас банкирі. Бұл жолғы спартакиада “спорт падишасы” – жеңіл атлетикаға ар­налды. Ол “Құс жолы” республи­калық қайырымдылық қорының демеушілігімен, “Қазкоммерц­банктің” жергілікті бөлімшесінің /директор Ерлан Қожабергенов/ ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Банкирлер эстафетаға, түрлі қашықтықтарға жүгіріп, ұзындыққа секіріп, гір көтеріп күш сынасты. Инна Курило (“Центркредит”) 60, 400 метр қашықтыққа жүгіруде, ұзындыққа секіруде алдына жан салмады. Ерлер арасында Евгений Сизиков / (“Каспий банк”), Дмит­рий Цыганков (“Ұлттық банк”) жарқырап көзге түсті. Жалпыкомандалық есепте “Центркредибанктің” Петропавл­дағы бөлімшесі (директор Ринат Қожахметов) бірінші орынды жеңіп алды. Ол өз жүлдесін (ноутбук) республикалық “Егемен Қазақстан” га­зетінің облыстағы тілшілер қо­сынына сыйлады. Біз бұл құрметті “Отанымыздың бас газетіне” көр­сетілген ілтипат және де газеті­міздің тұрақты оқырманы әрі жа­нашыры Ж. Қажырахымовтың бе­делі деп деп ұқтық. Соңғы жыл­да­ры газетімізді банкирлердің жаз­дыр­­тып алу қара­­сының молая түскені байқалады. Жомарт Орал­ұлының өзі бірнеше жылдан бері көп балалы отбасы­лар­ды, еңбек ардагерлерін “Егеменге” тегін жаздыртып келеді. – Елбасы өз Жолдауында 30 пайызға дейінгі қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту міндетін қойды. Банкирлер арасында екінің бірі спорттық шаралардан тыс қалмайды. Бүгінгі жарыс – соның жарқын куәсі, – дейді жарыстың басты ұйымдастырушысы, ораза ұстап, имандылыққа бет бұрған Ерлан Өсербайұлы. Солтүстікқазақстандық банкир­лер­­ді Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өтетін тағы бір спар­та­киада тосып тұр. Оны ұйымдастыру “Цеснабанктің” жергілікті бөлім­ше­сіне (директоры Құлбек Шопа­­нов) жүктелді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.