• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2010

Халықаралық іздеуде жүргендер құрықталды

640 рет
көрсетілді

Алматылық полицейлер қыл­мыс­­пен күресте өздерінің ТМД ел­деріндегі әріптестеріне де көмек қо­лын созуда. Алматы қалалық іш­кі істер департаменті баспасөз қыз­­ме­­тінің жетекшісі Салтанат Әзір­бектің айтуынша, оңтүстік астанада жыл басынан бері бұрын іздеуде жүрген 244 қылмыскер құрық­тал­ған. Олар­дың 159-ы Қазақстан құ­қық қорғау органдарының іздеуінде болған. Ал, Алматы қаласында ұсталған 89 қылмыскерге ТМД елдерінің құ­қық қорғау органдары халықаралық іздестіру жариялаған. Еліміздегі ең ірі және халық тығыз орналасқан қала – Алматыда жасырынып, ізін суытуға ұмтылатын қылмыскер­лер­­дің жолын кесу бағытында қалалық ІІД бірқатар ықпалды іс-шараларды жүзеге асыруда. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, қолға түскендердің арасында аса ауыр қылмыс жаса­ғандар да бар. – Мәселен, Ресейдегі Чебокса­ры қаласының милициясы іздестір­ген 59 жастағы ер адам талайларды жер соқтырып, олардан ірі кө­лемдегі ақшаны алдап алған алаяқ болып шықты. Қылмыстық іс ма­те­риалында оның Қазақстанда ту­ғандығы көрсетілгендіктен Че­бок­сары қаласы Ленин аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері оның өз туыстары тұратын тарихи ота­нына қашуы мүмкін екенін жобалаған. Іздестірілуде жүрген алаяқ қа­ладағы Райымбек даңғылындағы бір үйден табылып, ұсталды. Таяуда ол Ресей Федерациясына экстради­цияланады. Бір құптарлығы, сала мамандарының кәсіби шеберлігіне, іскерлік тәжірибесіне орай қандай қашқын болмасын өз қылмысының жазасын тартатыны айдай ақиқат, дейді Алматы қалалық ІІД кри­ми­налды полиция басқармасының бөлім бастығы, полковник Вадим Стрельцов. Шын мәнісінде, өтірік сияқты қылмыстың да қадамы қысқа екен­дігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ сияқты. Бүгінде алматылық құқық қорғаушылар қылмыспен күрес және оның алдын алу бағытындағы бірқатар тиімді іс-шараларды жүзеге асыруда. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.