• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2010

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі

1038 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық ішкі саясат басқарма­сы­ның оқу-әдістемелік орталығында “Са­ла­матты болашақ” облыстық жастар бір­лес­тігінің қолдауымен “Әлеуметтік идеялар мен жобалар” жәрмеңкесі өткізілді. Арнайы көр­меге облыс­тағы 400-ден астам қоғамдық бірлестік ұсынған еңбек­терден таңдаулы 20-сы іріктеп алынды. Жұртшылық назарына ұсынылған жұмыс­тар­дың авторлары үдемелі даму үстіндегі тәуел­сіз мемлекетіміздің айшықты табыстарын паш ету­мен қатар, экономика мен әлеуметтік саланы бә­­секелестік ортаға бейімдеу, идеоло­гия­лық сая­сатты жетілдіру, қоғамдық белсенділікті арт­тыру бағытындағы ұстанымдарын дәйекті дәлелдей білді. Бәсекелестік демекші, осынау интеллек­туал­дық сай­ыста да оза шапқандар бәйге төрінен көрінді. Ұйым­дас­тыру алқасы бес номинация бой­ынша облыс орта­лы­ғының “Томирис”, Степногордың “Десантное братство”, Аршалы ауданының “Аль­таир”, “Қорғалжын жастары”, Сандықтау ауданы­ның “Жас өркен” қоғамдық ұйым­да­рын жеңімпаз деп таныды. Оларды облыс әкімі С.Дья­чен­ко мен облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Г.Шөкева құттықтап, сертификаттар тапсырды. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.