• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2010

Академикке арналған алқалы жиын

590 рет
көрсетілді

Кеше Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда универ­си­тетінде аталған оқу орны ректоры, экономика ғылымдарының док­то­ры, профессор, Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі Ғабдығапар Сейітқасымовтың 70 жылдық ме­рей­тойына орайластырылған “ХХІ ғасырдағы әлемдік және Қазақстан экономикасының даму барысы мен басым бағыттары” атты халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция өтті. Онда еліміздің соны­мен қатар алыс-жақын шетел­дер­ден білікті сала ғалымдары қаты­сып, пікір сабақтастырды. Осы шараға орай ғалымның ғы­лыми-монографиялық туынды­лары және өзге де авторлармен бір­лесіп жазған еңбектері мен оқу­лық­тары қойылған арнайы кітап көр­месі ұйымдастырылды. Ғабдығапар Сағитұлының өмірі мен шығарма­шылығы жайында университеттің қаржы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докто­ры, профессор Алданыш Нұрымов баяндама жасады. Парламент Се­наты төрағасының орынбасары Мұ­хамбет Көпеев мерейтой иесіне Се­нат төрағасының жолдаған арнайы құттықтау хатын оқып бер­се, Мәжіліс депутаты Бекен Әлім­­жа­нов ғалымның сан қырлы қа­сиет­­теріне тоқталды. Бұл халықаралық ғылыми-тә­жірибелік конференцияның өту барысы жайында университеттің ғылым жөніндегі проректоры фи­лософия ғылымдарының докторы, профессор Төлеуғали Бөрібаев “Кон­­ференцияның басты мақсаты, біріншіден, еліміздің экологиялық әл-ауқатын жақсарту, экономи­ка­ның бағыт-бағдарларын, сонымен қатар нақты жүзеге асыру тетік­те­рінің теориялық, практикалық және әдістемелік жолдарын ұсыну болып табылады. ХХІ ғасырдың ең басты мәселелері қаржылық дағ­да­рыстан шығу жолдарын іздестіру десек, ауыл шаруашылығы мәсе­лелерін көтеру мен жаңартудың тиімді жолдарын қарастыру да ғалымдар назарынан тыс қалмақ емес. Сон­дықтан осындай сауал­дарға қатысты басқосуда нақты жауаптар алынады деп ойлаймын. Жиынға қатысып отырған шетелдік ғалымдар халық­аралық конферен­цияға жақсы баға­­сын береді деген сенімдеміз” – деді. Академик Ғабдығапар Сейітқа­сымовтың тікелей жетекшілігімен жазылған оқулықтар топтамасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынуы­мен еліміздің барлық оқу орында­рында негізгі оқулық ретінде оқы­ты­луда. Әр жылдары жарыққа шыққан 15 монографиясына деген сұраныс бүгіндері Отанымызда ғана емес, шетелдерде, атап айтсақ, Ре­сей, Гер­мания, Италия, Латвияда қолданыс­­қа енген. Сондай-ақ ака­де­миктің же­текшілігімен 5 ғылым докторы мен 30-дан астам ғылым кандид­ат­­тары диссертацияларын сәтті қорғаған. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.