• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2010

Үй жөндеудің үлгісі

561 рет
көрсетілді

Қалалық коммуналдық шаруа­шы­лық бөлімінің хабарына қара­ған­да, жалпы облыс орталығында 1314 көп қабатты тұрғын үй бар көрінеді. Өкінішке қарай, осы үй­лердің 914-нің төбелері бірнеше жылдан бері шұрқ-шұрқ тесіле бас­таған, ал, тұрғындар болса, көктем­де еріген қар суы мен жазғы, күзгі жаңбыр тамшыларынан әбден мазалары кетуде. Тіпті, бұдан отыз-қырық жыл бұрын салынған кей­бір үйлер бүгіндері апатты жағ­дай­­дың аз-ақ алдында. Көп қабатты кейбір биік үйлерде лифтілер күрделі жөндеу күтіп тұр. Тұрып жатқан пәтерлері жеке меншікті болғандықтан, су ағып, тамшы сорғалайтын үйлердің төбе шатыры қала әкімдігінің қаражаты есебінен жөнделмейтіні, ал, пәтер иелері бір­лесіп жөндеп бүтіндеп алуларына қыруар қаражат, техника, адам күші керек екені тағы белгілі. Қа­лауын тапса, қар жанар деген. Қала әкімдігі қиын түйінге айналған күрделі мәселелердің бір шешуін тапқандай. Сөйтіп, бюджеттік емес қаражат көздері арқылы табылған шешім бойынша төбелерді жөндей бастады. Көмек қолын созған мер­дігер фирмалар да табылды. Облыс орталығындағы Суворов көшесі 12-үйдің төбесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын өз көзімен кө­ру үшін төбеге шыққан қала әкімі Ба­қытжан Жоламанов сол жерде мердігер фирма өкілдерімен кез­де­сіп, кәдімгідей жұмыс бары­сын­дағы жиналыс та өткізді. Өйткені, қыс жақындап қалды. Қала қазан айына дейін қысқа дайын болуы керек. Бұл үйдің төбесінде “Строй-грант” фирмасының жұмысшыла­ры ескі жабындыларды алып, аяз бен ыстыққа төзімді жоғары сапалы материалдар төсеуде. Былтыр Толс­той көшесіндегі 90-үйдің төбесі бүтінделді, тұрғындар қазір пәтер­лері­нің әр жеріне қойылған ыдыс­тардан жаңбыр тамшысының тыр­сы­лын естімей ұйықтайтын болып­ты. Қалалық әкімдіктің хабарына қарағанда “жаңбыр жаумаса екен” деп жылап тұрған тағы да осындай 23 үйдің төбелеріне жөндеу жұмыс­тары жүргізілуде. Мердігер фирма­лар қолдарына алған жұмыстарды сапалы атқарулары үшін әкімдіктің тікелей бақы­лауына алынған. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.