• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2010

Қостанай аруы анықталды

448 рет
көрсетілді

“Миссис Қостанай-2010” бай­қауы өткен аптада жұртшылықтың аузынан түспеген жаңалыққа ай­налды. Көптен айтылып келе жат­­қан байқауда бағын сынағандар сырт­­қы сұлулығымен қатар, ана, жар, бір істі дөңгелентіп ұстап от­ыр­­­ған тұлға болуы тиіс-тін. Әділ­­қазылар алқасы байқауға Жітіқара қа­­ласынан қатысқан Анна Сағи­то­ваны осы талаптың барлығына жауап беретін ару деп тапты. Анна Сағитова – Жітіқара қа­лалық әкімдігінің ішкі істер бас­қармасының бастығы, сүйікті жар, сүйкімді екі қыздың анасы. Қаладағы қоғамдық жұмыстардың ортасынан табылатын белсенділігі тағы бар. Ен­ді Анна республикада өтетін “Мис­­сис Қазақстан-2010” байқауында облыс намысын қорғайтын болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.