• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2010

Кәмелетке толмағандар құқығы сөз болды

567 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Білім және ғы­лым министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жө­ніндегі ведомствоаралық комиссия­ның кезектен тыс жетінші мә­жілісі болып өтті. Оның жұмысына еліміз Бас прокуратурасының, Бі­лім және ғылым, Ішкі істер, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрліктерінің өкілдері, сон­­дай-ақ облыс әкімдерінің орын­басарлары қатысты. Мәжілісте Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сары­беков баяндама жасады. Одан кейін тәрбиелеу колонияларынан боса­тылған, арнайы және ерекше тәр­тіпте ұстайтын білім беру ұйым­дарынан шығарылған кәмелетке толмаған­дардың құқықтарын сақ­тауды тексеру барысында Бас про­ку­ратура анық­та­ған заң бұзушы­лықты түзету жөнінде қабылданған шаралар туралы мем­ле­кеттік және жергілікті атқарушы ор­гандар өкілдерінің есептері тыңдалды. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.