• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2010

Мәжіліс бюросының кезекті отырысы

518 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды. Депутаттардың талқысына бірқатар халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары ұсынылатын болды. Атап айтқанда, “Ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы”, “Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкі­меті арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ра­тификациялау туралы” заң жоба­ла­ры палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылды. Сондай-ақ “Нормативтік құ­қық­тық актілер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы” заң жобасын депутаттардың екінші оқылымда талқыға сала­тыны қарастырылып отыр. Бюро отырысында Еуропа Парламентіндегі Арал проблемасы бойынша арнайы тыңдауларға Мә­жілістің қатысуы туралы мәселе қа­ралды. Аталмыш басқосу үстіміздегі жылғы 12 қазан күні Бельгия Корольдігінде өтетіні жос­парланған. “Егемен-ақпарат”.