• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2010

Ықпалдастық арта бермек

502 рет
көрсетілді

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашемиттік Корольдігінің Премьер-министрі Самир Заид әл-Рифаимен кездесіп, келіссөздер жүргізілді. Кездесуден кейін тараптар БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. – Еліміз үшін Иордания араб аймағындағы маңызды стратегия­лық әріптес саналады, Самир Заид әл-Рифаидың бұл сапары Қа­зақстан мен Иордания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі да­мы­туға серпін беретініне сенімім кә­міл, – деген Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов келіссөздер бары­сын­да екі жақты ынтымақтастық мәсе­лелері, оның ішінде сауда, эконо­мика, индустрия, ауыл шаруашы­лы­ғы, ғылым, білім, мәдениет, ту­ризм, фармацевтика және инвес­ти­ция салаларындағы ынтымақтас­тық­ты дамыту мәселелері талқы­ланғанын да назардан тыс қал­дыр­мады. – Кез­десуде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев пен Иордания Королі Абдулла бен Хусейн ІІ арасында қол жеткізіл­ген уағда­лас­тықтарды іске асыру мақсатындағы жұмыс бағыттары талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша да пікір алмастық, – деді ол. Қазақ­стан мен Иордания арасындағы әріптестіктің маңыздылығына ерекше тоқталған Үкімет басшысы оның даму деңгейіне де өз ризашылығын білдірді. – Қазақстан мен Иордания өзара сауда-саттық көлемін ұлғай­тып, өзара инвестициялар тарту тұрғысында ортақ шешімге келді. Экономика саласындағы ынтымақ­тас­тықты әрі қарай дамыту үшін екі ел кәсіпкерлері арасында жиі кез­десулер өткені абзал деп ойлаймын. Бұл екі ел кәсіпкерлеріне инвести­циялық мүмкіндіктермен танысуға кең жол ашады, – деген Иордания Хашемиттік Корольдігінің Пре­мьер-министрі Самир Заид әл-Рифаи екі мемлекет басшылары арасында қалыптасқан айрықша қарым-қатынастың осы елдер өз­ара байланыстарының жоғары деңгейге жетуіне ықпал еткенін атап көрсетіп, болашақта да ынты­мақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа көкжиектер ашады деген үмітте екенін жеткізді. Елімізге ресми сапармен келген 44 жастағы Самир Заид әл-Рифаидың еңбек жолы 1988 жылдан басталған. Осы жылдар Иордания Корольдігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Ал өткен жылдың желтоқсанынан Иордания Хашемиттік Корольдігінің Пре­мьер-министрі қызметінде. Араб, ағылшын, француз тілдерін еркін меңгерген. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.