• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2010

Маңызды шара

525 рет
көрсетілді

Жетім көрсең жебей жүр! Өскеменде үш күнге созылған же­тім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары ди­ректорларының және балалар құ­қықтарын қорғау мамандарының қатысуымен республикалық кеңес өткізілді. Мұндай маңызы бар жи­ын жиі өткізіле бермейді. Оның үс­тіне Президент Н.Назар­ба­евтың “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру ша­ралары тура­лы” үстіміздегі жылдың 17 тамыз­дағы Жарлығын жүзеге асы­ру бой­ынша бірқатар мәселелер талқы­лан­ды. Кеңес жұмысын об­лыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев аш­ып, алда тұр­ған міндеттер жайлы айтып берді. Елбасы Жарлығындағы міндеттерді орындауға жауапкерші­лікпен қараған жөн, оның үстіне жетім балалар проб­лемасы бүкіл әлемді толған­дырып отыр, деді өңір басшысы. Кеңейтілген отырыс шеңберінде балаларды қорғау және баланы шет­елдік асырап алуға қатысты ын­тымақтастық туралы конвенция­ның ратификациялауы аясында қор­ғаншылық және қамқоршылық органдардың жұмысын ұйымдас­ты­рудағы өзекті мәселелерді, оның ішінде бірқатар нормативтік-құқық­тық актілерді талқылау болды. Ер­тең­інде кеңеске қатысушылар “Үм­іт” балалар үйінде болып, онда тәр­биеленіп жатқан жетім балаларға барлық жағдай жасалып отырған­да­рына көз жеткізді. Балалар үйінің директоры Майра Бейсақанова өз жұ­мыстары жайлы баяндап, бала­лар демалатын бөлмелерді көрсетті. Сол күні кешкілік “Үміт” ба­лалар үйінің тәрбиеленушілері қала қонақтары мен тұрғындарына “Үміт аруы” атты салтанатты шоу­ды ұсын­ды. Мың бұралып, биле­ген, бірнеше тілде ән шырқаған, өз өнерлерімен тәнті еткен балалар өнеріне жиналғандар жоғары баға беріп, оларға сәт сапар тіледі. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.