• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2010

Заңсыз ойын бизнесімен күрес жалғасуда

665 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Бостан­­дық ауданы аумағында ойын ав­томаттары залдарының заңсыз жұ­мыс істеп тұрғандығы жақында өткізілген тексеріс кезінде анық­тал­ды. Ойын бизнесі туралы заң­наманы қолдануға қатысты тексе­ріс жүргізгенге дейін Бостандық ауданында шамамен қырық ойын мекемесі заңсыз жұмыс істеген. Атап айтарлығы, кезекті тексеріс нәтижесінде ойын залдарының күнделікті кірісінің – 100 мың тең­гені құрайтыны, ал кейбір кез­де бұл сомадан да артық болғаны анықталды. Сонымен қатар олар салық орындарына тіркелмеген, сәйкесінше ешқандай салық та тө­лемеген. Осыған қарамастан, Бос­тандық аудандық салық бас­қар­масы өз бетінше тексеріс жа­са­май, ЭҚСЖКД-ге және про­ку­ратураға ақпараттық хабарлар жіберумен ғана шектелген. Бостандық ауданының про­ку­роры Ғани Сейсенбиевтің айту­ын­ша, бүгінде жоғарыда атап көр­сетілген заң бұзушылықтар үшін 13 адам жауапкершілікке тарты­лып, 300-ден астам ойын жаб­дық­тары тәркіленген. Бостандық ау­дандық прокуратурасының Ал­ма­ты қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімімен бірлесіп, “Альфа” бильярд клу­бындағы тексерісі және өзге де іс-шаралары өз нәтижесін беруде. Сала мамандары ойын залда­ры­ның иелері өртке қарсы қара­пай­ым сақтандыру ережелерін де қолданбайтындығын айтады. Қын­жыларлығы, жалға алынған бөл­мелер электронды жабдыққа тол­тырылып, электр қуатын пай­да­ланған кезде қауіпсіздік тех­ни­касы да сақталмайды. Сонымен қа­тар ойын бизнесінде қолданы­ла­тын жабдықтардың санитарлық талаптарға жауап беретініне және адам денсаулығына қауіпсіз екен­дігіне кепілдік жоқ. Ойын залдарының әдетте қа­ла­дағы көп қабатты үйлердің бі­рінші қабатында орналасатыны бе­лгілі. Кездейсоқ өрт тұтанса он­ың көп­ші­лікке үлкен қатер төн­ді­ріп, қай­ғылы жағдайға ұшырата­тын­дығы айтпаса да түсінікті. Ойын жаб­дық­тары Қа­зақ­стан­ға еш­қан­дай құжат­сыз және сапа серти­фи­ка­тынсыз әкелін­ген. Заң­сыз ой­ын биз­несімен күрес іс-ша­ралары жал­ға­суда, ке­ле­шекте бұл ба­ғыттағы заң бұзу­шы­лықпен кү­ресте тұрақты жұмыс істейтін топ­­тар да құрылмақ. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.