• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2010

Зияткерлік меншік заңмен қорғалады

640 рет
көрсетілді

17 қыркүйекте Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия Үкіметтің 2010 жыл­ғы 9 наурыздағы №181 қаулысы­мен құрылған. Комиссия қыз­метінің мақсаты Қазақстан Республика­сын­дағы зияткерлік меншік құқық­та­рын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимыл­дарды іске асыру бойынша ұсы­ныстар әзірлеу болып табылады. Комиссияның бірінші отыры­сында комиссияның құрамы мен ережесі, зияткерлік меншік сала­сын­дағы құқық бұзушылықты анық­тау және жолын кесу мәселелері бойынша әділет органдары мен құ­қық қорғау органдарының өзара іс-әрекеті, зияткерлік меншік сала­сындағы заңнаманы сақтау ныса­ны­на тексерулер тәртібі, интернет желісінде авторлық және сабақтас құ­қықтарды қорғау мәселелері қа­ралды. Әділет министрлігінің, Эконо­ми­­калық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агент­тігінің, Ішкі істер министрлігінің өкілдері өз баяндамаларында зият­керлік меншік саласындағы құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша әділет ор­гандары мен құқық қорғау орган­дарының өзара іс-әрекеті бойынша жұмыстар жөнінде баяндады. Ағымдағы жылғы бірінші жар­ты­жылдықта әділет органдары республика бойынша зияткерлік меншік нысандарын пайдаланатын субъектілерге 315 тексеріс жүргізді, оның ішінде 301-і авторлық құқық туралы заңнаманы сақтауға қатысты тексерілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 170 әкімшілік іс қозғалды. Заңсыз айналымнан жалпы соммасы 22 млн.-нан астам теңгені құрайтын контрафактілі өнімнің 63 мыңнан аса данасы тәркіленді. Айыппұл соммасы 2,5 млн.-нан астам теңгені құрады. Әкімшілік жауапкершілікке 127 тұлға тартылды. Комиссия жұмысының бары­сын­да Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды. “Егемен-ақпарат”.