Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 27 қыркүйек және 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жариялайды.
“Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.
Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бір кандидатураны сыйлыққа қайта ұсынуға болмайды. Бір кандидатураны бір саладан артық сыйлыққа ұсынуға болмайды.
Ізденушіге келесідей құжаттар ұсынылады:
Ұсынымхат-мінездеме;
Ұсынушы ұйымның шешімі;
Жеке парақ;
2 сурет (4х6).
“Ғылым” атауы бойынша қосымша арнайы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қажет.
Спектакльдерді, кино және телефильмдерді, бейнелеу өнерінің көрмелерін қарауды, концерттік бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен таныстыру ұсынушы ұйымдармен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясына жүктеледі.
Сыйлық алған адамдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты” атағы беріліп, диплом, омырауға тағатын белгі және ақшалай сыйлық табыс етіледі.
Сыйлық авторлар ұжымына берілсе, оның ақшалай бөлігі олардың мүшелері арасында тең бөлінеді.
Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, наградтау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылады.
Конкурстық құжаттар 2010 жылғы 27 қыркүйек және 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 659 каб., тел.: 74 23 52.