• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2010

Маңызы жоғары заң жобалары

518 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палатаның сәрсенбі күнгі пленарлық отырысының күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. Депутаттар осы жалпы отырыс барысында Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет құрамына Т.Ибраевты сайлады. Заң жобаларын қарау барысын­да “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы қызу талқыланып барып мақұлданды. Сонымен, 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 3517,8 миллиард теңге көлемінде белгіленді. Ал шығыс бөлігі 4321,4 миллиард теңге немесе ішкі жалпы өнімнің 22,4 пайызына тең болды. Тапшылық 803,6 миллиард теңгені құрады. 2010 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығындағы инфляция 4,6 пайызды құраса, жыл соңына дейін ол 6,5 пайызға жетеді деп кү­тілуде. Жалпы, инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығында жоспар­ланып отыр. Сондай-ақ депутаттар “Ақша бел­гілерін қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық кон­венцияны және оған хаттаманы ра­ти­фикациялау туралы” заң жоба­сын мақұлдауды ұйғарды. Конвен­ция­ға көптеген елдер кірсе, олар­дың ішінде Австрия, АҚШ, Ұлы­британия, Бельгия, Финляндия, Люксембург, Қытай, Жапония және Ресей бар екендігін айта кеткен жөн. Құжатта қатысушы мем­лекеттердің ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес сала­сында (шетелде жасырынып жүрген дайындаушылар мен өткізушілерді іздестіруге және ұстап беруге) құқықтық көмек көрсету көзделген. Сондай-ақ “Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. Келісімге 2009 жылдың 10 қарашасында қол қойылып, уәкілетті органдар болып екі елдің қорғаныс министрлері бекітілген-тін. Берілетін мүлік тізбесі мен саны келісім қосымшасында көрініс тапқан. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.