• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2010

Елімізде нан болады!

388 рет
көрсетілді

Қызылжарлық диқандар Елбасы тапсырмасын абыроймен орындап шықты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары­мен астықты өлкеде болып егін алқабында  агро­құрылым басшыларымен кездескенде,  биыл да  биік меже алына­тындығына үлкен сенім білдірген еді. Сонда Қызылжар өңірі­нің диқандары кемі 4 миллион тонна астық жинауға сөз бер­ген еді. Олар сертке сай серпін танытып, берген уәделерін абы­роймен орындап шықты. Сонымен, облыс күзгі орақ­ты алдыңғылардың қатарында  ұйымшылдықпен аяқтап, сәтті қорытындылады. 3,9 миллион гектар алқапқа өсірілген егінді  шаш­пай-төкпей жинап алу то­лық қамтамасыз етілді.  Гектар бе­рекесі 10,5 центнерден айна­лып, 4,2 миллион тонна алтын дән қамбаларға жөнелтілді. Оның 90 пайызы 3 сыныпты құрайды. Астық тапсыру әлі жал­ғасуда. Келер жыл өнімі үшін 546 мың тонна тұқым құйылып алынды. Жаз құрғақшылық болып, астыққа аттаныс әдеттегіден он күн ерте басталса да қапысыз әзір­ліктің арқасында  “әттеген­ай­ларға” жол берілген жоқ. Жауап­­ты науқанға 10 мыңға жуық “қыр кемелері” қатысты­рылып, көп жерлерде астықты тікелей жинау әдісі қолданылды. Күздің  жанға жайлы әр күні тиімді пай­даланылды. Қызылжар және Ақжар аудандары танап шы­ғымдылығын 14 центнерден асырса, Мамлют, Аққайың, М.Ж­ұ­­мабаев аудандары да  орта көр­сеткіштен жоғары өнім ала білді. Ендігі күш-жігер мемлекеттік тұрақтандыру қорын астықпен қамтамасыз етуге жұмылдырыл­ған. Республика бойынша оның мөлшері  2 миллион тонна деп бел­гіленсе, облысқа жүктелген тапсырма 620 мың тонна. Күн өткен сайын астық тапсырушы шаруашылықтардың қатары қалыңдай түсуде. “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” ҰҚ АҚ-тың жергілікті филиалына  үш жүзден аса  агроқұрылымнан өтінім түсті. Солтүстікқазақстандық ди­қандар  ішкі рынокты азықтық бидаймен қажетінше өтеп, нан және нан-тоқаш өнімдерінің негізсіз қымбаттамауына үлес қосуды парыз санап отыр. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.