• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2010

Жаңа бизнес-жеңілдіктер кезеңі басталды

564 рет
көрсетілді

Жинақ банкі — жұмысты тиімді жүргізу үшін қажеттіліктің бәрін жасау Қыркүйек жаңа бизнес кезеңі басталатын дәстүрлі ай болып сана­лады. Қоңыр күз барлық саладағы қызметтің жоғары қарқынмен жү­руімен ерекшеленеді. Қазақстанда 4 жылдан астам уақыттан бері заңды тұлғалармен жемісті жұмыс істеп келе жатқан “Жинақ банкі” АҚ ЕБ 2010 жылдың қоңыр күзін кәсіп­керлер үшін тиімді де табысты ке­зеңге айналдырмақ. “Қазіргі таңда біздің банк 11 мыңнан астам кор­по­ративтік клиентке қызмет көр­сетеді. Оң жетістіктер үрдісі көзге ұрып тұр және осы жетістіктерді біз одан әрі жалғастырамыз. Жақын арада біз өз клиенттерімізге – заң­ды тұлғаларға бүгінгі жұмыс істеп тұрған қызметтерден басқа ба­рын­ша тиімді және толығымен жаңа бизнес-шешімдерді ұсынамыз”, - дейді “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның Корпоративтік клиенттер депар­та­менті директорының орынбасары Александр Иващенко. Банктің бизнеске ұсынып отыр­ған қызықты да маңызды ұсыныс­тарының ішінен “Интернет -офис” жүйесін бөліп айту керек. Бұл жүйе кәсіпкерлерге өздерінің банктегі есеп шоттарына интернет арқылы еш­қандай қауіпсіз кіруге және банк­тің офисіне келіп қымбат уа­қыттарын жоғалпай-ақ әртүрлі қар­жы­лық операцияларды және тө­лем­дерді жүргізуге мүмкіндік бе­реді. “Биылғы жылы біз қашықтан банк қызметтерін көрсету рыно­гында бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде ресейлік жетекші жеткізуші ұйымдармен шарт жасастық. Бұл біздің клиент­теріміз үшін “Интернет-офис” жүйе­­­сі бойынша жоғары сапалы қыз­мет көрсетуге мүмкіндік бере­ді”, – дейді А.Иващенко. Банк сарапшысының айтуы бойынша, вир­туалдық офис жаңа бағдарла­ма­лар бойынша жылдың аяғына дейін жұмыс істейтін болады. eToken ат­ты арнаулы қондырғының көме­гі­мен серверге кіруге болады. Бұл қор­ғалған ресурстарға кірген кезде шифр кілттерін және сандық сер­ти­фикаттардың сақталу қауіп­­сіз­дігін қамтамасыз етеді. “eToken қон­дырғы бір реттік парольмен жұ­мыс істейтін сұйық кристалды дис­плеймен жабдықталған. Осы па­роль­ді көрсетпейінше сеанс жүр­гі­зуге болмайды. Бұл қауіпсіздікті толық қамтамасыз ететін мүмкін­дік”, – деп түсіндіреді Корпора­тив­тік клиенттер департаменті ди­рек­торының орынбасары. Сер­ви­с­тің барлық клиенттерге қызмет көр­сететін бөлімі eToken қондыр­ғы­сына енгізілген және бұл жүйені кез келген компьютерге қосып жұ­мыс істей беруге болады. Бүгінде “Интернет-офис” жүйесі арқылы ұлт­т­ық және халықаралық шетелдік ва­люталармен төлемдер жасай бе­ру­ге болады; әртүрлі – салық, зей­неткерлік, ұялы телефондардың төлемдері жүзеге асырылады. Сол сияқты кез келген уақытта банктегі есеп шоттың көшірмесін алуға, со­нымен бірге жұмыс күні барысында шұғыл түрде есеп шоттың ахуалы туралы ақпарат алуға және басқа қызмет түрлерін пайдалануға бола­­ды. Иә, “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның Интернет арқылы көрсететін қызмет түрлері үнемі кеңейтіліп келеді. Клиенттердің 2010 жылдың 1 қазанынан 30 қарашасына дейін “Интернет-офис” сервисіне қосы­лып, жеңілдетілген тәртіп бойынша ағымдағы есеп шоттарын ашуына толық мүмкіндіктері бар. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның бел­сенді түрде қолданып отырған бү­гінгі заман талабына жауап бе­ре­тін тағы бір тиімді жүйесі төлем қағаздарының штрих-кодтары бо­лып табылады. Электрондық ска­нер­леу және төлем құжаттарын ай­қын­дау тәртібімен жұмыс істейтін бұл жүйе деректерді штрих-код­тар­ға салу мүмкіндігіне негізделген. “Штрих-кодтау жүйесі біздің кли­енттерімізге тегін көрсетіледі. Пай­да­ланушы өзінің компьютеріне штрих-кодтар қалыптастыру үшін бағ­дарламалық модуль қондырса бол­ғаны. Клиентке қосымша ар­нау­лы қондырғы немесе бағдар­ла­малық қамтамасыз ету жүйелерінің қажеті жоқ”, – дейді бұл қызмет көр­сету жүйесі туралы Александр Иващенко. Нәтижесінде, клиент төлем қағаздарын шығарған кезде жүйедегі арнайы бағдарламалық модуль автоматты түрде жұмыс іс­теп кетеді. Бұл модуль төлем қағаз­да­рынан қажетті барлық деректеме­лерді сақтап қалады және оларды штрих-кодтарға салып қояды. Мі­не, осылай шығарылған өтем қағаз­дарына банк төлемдерін жүргізу жөніндегі барлық деректерді сан­дық түрде сақтап отырады. Банк ме­неджері арнаулы сканер көме­гімен өтем қағаздарының штрих-кодтарын санаумен ғана шектеледі. “Бұл жүйе банк операцияларын жүргізу жылдамдығын арттырады, қателікке ұрыну жолдарына ба­рын­ша тосқауыл қояды және осы тех­нология бойынша жеңілдетілген тарифтер мен төлем түрлерін жүр­гізуге жағдай жасайды”, – дейді банк сарапшысы. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ озық технологияларды белсенді түрде өндіріске енгізумен қатар қазақ­стандық бизнеске дәстүрлі, алайда өте қажет қызмет түрлерін көр­се­туді жетілдіруде. Мәселен, заңды тұлғалардың депозиттерімен жұмыс істеуді алайық. Мұндағы заңды тұл­ғалардың салымдары 2010 жылғы 1 қаңтардағы 59,1 млрд. теңгеден 2010 жылғы 1 қыркүйекте 64,8 пай­ызға артып, 97,5 млрд. теңгені құ­ра­ды. Бүгінде банк теңге, АҚШ дол­лары, Ресей рублі және еуро тү­ріндегі әртүрлі депозиттермен жұмыс істейді. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның депозиттері қаржыны сақтаудың ең сенімді құралы ғана емес, сонымен бірге ұзақ мерзімдік және жоғары сыйақы мөлшер­ле­мелері бар өте табысты қаржы тетігі болып табылады”, – дейді Кор­по­ративтік клиенттер департаменті ди­­рек­то­рының орынбасары А. Иващенко. Шағын және орта бизнес субъ­ек­тілеріне аса қажетті қызмет түрі – кассалық есеп айырысу қыз­ме­тінде “Жинақ банкі” АҚ ЕБ то­лы­ғымен көрсетеді. “Кассалық есеп айы­рысу қызметін көрсетудің озық тәсілі ретінде біздің банктің ай­ыр­бастау бағамы бойынша жүргізетін тиімді ұсыныстарын атап көрсеткім келеді. “Жинақ банкі” АҚ ЕБ қа­зақстандық қор биржасында ре­сей­лік рубль бойынша маркет-мейкер болып табылады. Бұл Қазақстан және Ресей арасындағы іскерлік және серіктестік қатынастар артып келе жатқан бүгінгі таңда кли­ент­те­ріміз үшін өте тиімді екендігі даусыз”, – дейді А.Иващенко. Сонымен бірге сарапшы банктің филиалдық жүйесінің кеңдігіне байланысты Қазақстан Республи­ка­сының барлық өңірлерімен және шет мемлекеттермен есеп айы­рыс­қанда операциялардың жылдам жә­не сапалы жүргізетіндігін ерекше атап көрсетеді. “Қазір Қазақстан Республикасы бойынша біздің 12 филиалымыз жұмыс істейді, жыл­дың аяғына дейін Шымкент қала­сы­нда өкілдігімізді ашамыз. Фи­ли­алдық жүйемізді кеңейту шаралары мұнымен шектелген емес”, – дейді “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның Кор­поративтік клиенттер департаменті директорының орынбасары Алек­сандр Иващенко. Осы орайда қызмет бабының ер­екшелігімен жиі-жиі ха­лық­ара­лық есеп айырысу операцияларын жүргізетіндерді “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның 2010 жылғы 1 қыркүйекте бастау алған “Сверхскорость” ак­ция­сының қызметі де қызықтыруға тиіс. Оның негізгі тиімділігі мы­на­да: бір ай ішінде сыртқы эко­но­микалық қызмет түрлері шегінде бір айдың ішінде 25 қаржылық аударым жасайтын клиенттер үшін одан кейінгі айларда валюталарды айырбастау кезінде жеделдік үшін жеңілдіктер жасалады. Соның нә­тижесінде бұл қызмет түрлеріне бар болғаны 1 теңге ақы алынады. Банкте бізге айтылған мәлім­де­ме бойынша, “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның қыркүйек айында бас­тал­ған “жеңілдіктер кезеңі” – бұл қа­зан айында барынша толық жұмыс істей бастайтын жеңілдіктердің бас­тауы ғана. “Шағын және орта биз­нес саласында жұмыс істейтін біз­дің клиенттерімізді алдағы уақытта бұдан да тиімді әрі қызықты ұсы­ныстар күтіп тұр”, – деп сендіреді “Жинақ банкі” АҚ ЕБ-ның Кор­по­ративтік клиенттер департаменті директорының орынбасары. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.