• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Қырғызстанға көмек жалғастырылады

577 рет
көрсетілді

Кеше ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хат­шы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғыз­стан­ның өтпелі кезең Президенті Роза Отунбаевамен әңгімелесті. Қ.Саудабаев көрші мем­ле­кет басшысын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев атынан парламенттік сайлаудың сәтті аяқ­талуымен тағы да құттықтады. Әң­гіме­лесуші тараптар Қыр­ғызстан парламенті мен үкі­метінің тез арада құрылу керек­тігінің, елдің әрі қарайғы әлеу­меттік-эконо­ми­калық дамуының бас­ты шарты болып табы­ла­тын тұрақтылық пен қоғам­дық келі­сіммен қамтамасыз етудің және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудің қажет­ті­лі­гін атап өтті. Осыған орай, күз және қыс айла­рын­да халықты дер ке­зінде азық-түлікпен және отынмен қам­тамасыз ету бойынша қажетті шаралардың тез арада қол­да­ны­луы­ның маңыздылығы баса көрсетілді. Әңгіме барысында сондай-ақ ЕҚЫҰ мен Қырғызстан арасын­да­ғы бұдан былайғы ынты­мақ­тас­тық, Ұйым тара­пы­нан ара­ласу және көмек көр­сету мәсе­лелері тал­қы­лан­ды. Осы кон­тексте Қыр­ғыз­стандағы ЕҚЫҰ полицейлік- консультативтік тобының жұмы­сына қатысты мәселелер қарас­тырылды. Әңгіме соңында Р.Отун­баева Президент Н.Назар­баев­қа пар­ламенттік сайлауға орай білдірген құттықтауы және Қырғызстанға тұрақты көмегі мен демеуі үшін алғысын айтты. “Егемен-ақпарат”.