• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2010

Өмірдің сәтті “Бастауы”

533 рет
көрсетілді

Бақыт қайда – бассаң аяқ ас­­­­­тында дегендей, қашан да бізді алдан күтер жақсылықтар жет­кілікті. Мына жалғанда ұлды ү­й­­лендіріп, қызды қияға қондыруды әркім көксейді. Кеше ғана көз алдыңда құлдыраңдап шауып жүрген балаң білдірмей ер жетіп, қалыңдығын таныстыруға әкел­ген­де, шалқаңнан түсе жаз­дасаң да, шабылып той қамына кі­рісесің. Жақсылықпен жаны­ғып жүргенде сана түкпірінде жаңа құ­рылған жас отбасы қайда тұ­рады, қалай тіршілік кешеді деген де ой тұрады. Дегенмен, ең басты мәселе де осы. Басқа балаларды бір бөлмеге ты­ғып, тар пәтерді бөліп бересің бе? Пәтер жалдау керек пе? Ол да қымбат! Тамыр-таныстарың жас­тар­ға жеке үй алып беруге ке­ңес бе­реді. Алайда, үйде барлығы жабы­лып жүріп 200 мың теңгедей жалақы табады делік. Бұл аз да емес, көп те емес, бірақ, банктен ипотекалық несие алу тағы қиын. Оның үстіне қазір банктер өз үс­темелерін бірден көтеріп, заем­шы­лармен қатаң жұмыс істей бастады. Дегенмен, осы тығырықтан шығатын бір жол – “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” тиімді заемдары. Біріншіден, банк елі­мізде ең төмен пайыздық үсте­ме­мен қарыз береді. Екіншіден, банк клиенттерінен бастапқы са­лымды талап етпейді. Бұл қажетті соманы бірден жинақтай алмай­тын жандар үшін өте маңызды. Осы арада банктің төрт та­риф­тік бағдарламасының ішінде болашақ отбасылар үшін ең ти­ім­дісі – “Бастау” екендігін айта кетелік. Бұл – ең жедел тариф, аталмыш бағдарлама арқылы бар болғаны 3-3,5 жыл ішінде баспа­­налы болуға болады және тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау­дың мерзімі де дәл осындай. Не­сие алты жыл ішінде төленіп бітуі тиіс. Басқа тарифтің бағдарлама­лар­да жинақтау және төлеу мер­зімі әлдеқайда ұзағырақ. Ал “Бастау” бағдарламасы бой­­ынша тұрғын үй заемын қалай алуға болады? Алдымен 3-3,5 жыл бойы ке­лі­­­сім-шарт сомасының, яғни са­тып алғыңыз келген пәтердің жар­­ты ақшасын банкте жинақтау қажет. Егер сіз сатып алғыңыз келе­тін пәтер 8 миллион теңге (қа­ланың шеткі аудандарында екі бөлмелі пәтердің бағасы осы шамасында) болса, банктен сіз осынша қаражатты қарызға ала аласыз және бұл келісім-шарттың да сомасы болып табылады. Де­мек, сізге осы аралықта кем де­ген­де 4 миллион теңге жинақтау қажет. “Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінің” ең үлкен артық­шылығы қаржыны жинақтау мен несиені қайтарудың барлық ке­зеңінде пайыздық үстеме өзгер­мей­ді. Мұндай тұрақтылық несие алып отырған адамға сенім бе­реді. Банктің тағы бір пайдалы ұсы­ны­сы заем тек теңге түрінде беріледі. Яғни, клиент валютаның құл­ды­рауы мен өсуіне тәуелді емес. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отырған­нан кейін заемшы ай сайын ке­лісім-шартта көрсетілген сома­ның жартысын жинақтай бастай­ды. Егер 8 миллион теңгеге ке­лісім-шарт жасалса, онда төлем 100 мың теңгені құрайды. Бұл тарифтің бағдарлама бойынша келісім-шарттағы соманың 1,25 пайызына тең болатын, ай сай­ын­ғы жинақ жарнасын төлеуге кеңес беріледі. Алайда, сізге қажетті қаражат – тек сіздің төлемдеріңізден құ­ралмайды. Мемлекет те өз та­рапынан салымшыларды қолдау мақсатында, мемлекеттік бюджет есебінен, көлемі жинақтың 20 па­йызын құрайтын жылдық сый­ақы төлейді. Дегенмен мұндай сыйа­қы­мен 200 айлық есептік көрсет­кіш көлеміндегі салымдар көтер­меленеді. Үстіміздегі жылы 200 АЕК – 282 600 теңгеге тең бол­ды. Соған сәйкес, 2010 жылғы мемлекеттік сыйақының ең жо­ға­ры көлемі 56 520 теңгені құрайды. Келісім-шарттағы соманың жар­тысы (4 млн. теңге) жи­нақ­талған кезде сіз қалған қара­жат­ты “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” 5 пайыздық жылдық үстемемен тұрғын үй заемы ре­тінде аласыз. “Бастау” бағдар­ла­масы бойынша тұрғын үй заемын жабудың ай сайынғы төлемі ке­лі­сім-шарттағы соманың 0,80 пайы­зына тең болады Жалпы 8 мил­лион теңге алған болсаңыз он­да сіз несиені қайтару үшін айы­на 64 мың теңге төлейтін боласыз. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” өз клиенттеріне ең тиімді ставкаларды ұсынып отыр. “Бастау” бағдарламасы бойынша жинақтың жылдық тиімді сыйа­қылық үстемесі 12,7 пайызға дейін жетеді. Ал банк несиесін қайтарудың жылдық тиімді үстемесі 5,3 пайызды құрайды, бұл үстеме басқа банктерге қара­ған­да, айтарлықтай төмен. Жаңадан отау құрған жастарға ай сайын өз қаражаттарынан ос­ын­шама ақшаны бөліп беріп оты­­ру оңай еместігін ескерген “Тұр­ғын үй құрылыс жинақ бан­кі” өз клиенттеріне барынша қа­райла­сады. Банктің аса қадір­ле­нетін стратегиясы клиенттермен тиімді де жайлы әрекет етуге ба­ғытталған. Ендігі жерде сіз ТҚЖ туралы келісім-шартты Алматы қала­сын­да жуырда ашылған Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарында (ЦОН) жасай аласыз. Мекен­-жай­­лары: Астана ықшамауданы, 110 үй, (“Люмир” сауда үйі) жә­не Спартак көшесі, 30 үй (Шо­ло­хов пен Сейфуллин көшелері­нің қиылысы). Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады: Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында Айнаш ЕСАЛИ.