• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2010

Сапалы ауыз су кепілі – “Ақ бұлақ”

4233 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен селекторлық режімдегі Үкімет отырысы болып өтті. Онда еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ бұлақ” бағдарламасының жобасы талқыланды. – Үстіміздегі жылы Үкімет Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын қабылдады. Сонымен бірге, үш бағдарлама: ден­саулық, білім беру және тіл­дер­ді дамыту бағдарламалары Мем­лекет басшысының бекітілуі­не жіберілді. Тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бұрынғы жылдарда қабылданған бағдарла­ма­дан бұл бағдарламалардың негізгі айырмашылығы олардың барлығы дерлік 2011-2013 жыл­дар­ға арналған үш жылдық бюд­жетте қарастырылып, нақты қар­жымен қамтамасыз етілген. Яғни, біз не мәселе туралы айтсақ, сол мәселені нақты орындаймыз, деп атап көрсетті Премьер-Министр. Одан әрі Үкімет басшысы бұ­рынғы қабылданған кейбір бағдарламалардың тек сөз жүзінде қалғанын, себебі олардың қар­жымен толық қамтамасыз етілме­ген­дігін айтты. Үкімет отыры­сының күн тәртібіндегі 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ бұлақ” бағдарламасының жобасы туралы Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишім­баев баяндама жасады. Ол өз сөзінде, елімізде 2002-2010 жыл­дарға арналған “Ауыз су” бағдар­ламасының мерзімі аяқталған­дығын айтты. Сонымен бірге, вице-министрдің айтуынша, бұл бағдарламаны орындау бары­сында көптеген кемшіліктерге жол берілген. Біріншіден, бағдар­ламаны орындау барысында ор­талық және жергілікті атқарушы органдар арасында жүйелі бай­ланыс болмаған. Екіншіден, тө­мен дәрежеде жүргізілген зерттеу-жобалау жұмыстары бағдар­ла­ма­ның шектен тыс қымбаттауына әкеліп, кейбір құрылыс жұмыста­рын жүргізуді тежеген. Сондықтан, еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағ­дайы бұрынғысынша қанағаттан­ғысыз дәрежеде қалған. Осыған байланысты 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ бұлақ” бағ­дарламасын жүзеге асыру бары­сын­да мынандай негізгі мәселелерге баса назар аудару қарастырылған: қолда бар сумен жабдықтау жүйе­лерін қайта жарықтандыруда және жаңа сумен жабдықтау нысан­дары­ның құрылысын салған кезде  жүйелі жұмыс жүргізу, елді ме­кен­дердегі сумен жабдықтау жүйе­лерін тиімді пайдалануды қамта­масыз ету, сумен жабдықтау ны­сан­дарын қаржыландыруға жеке меншік капиталды кеңінен тарта отырып, су шаруашылығы саласы­ның инвестициялық тартымды­лы­ғын арттыру, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты су көздерінің әлеуетін ба­рын­ша кең пайдалану, сумен жаб­дықтау жүйелерін жобалаудың са­пасын арттыру, су шаруашылығы саласына мониторинг  жүргізу жүйесін қалыптастыру. Қаржы министрінің мәлім­деуін­ше, “Ақ бұлақ” бағдарламасын жү­зеге асыру мақсатына 2010 жылға республикалық бюджеттен 60 мил­лиард теңге қаржы бөлу қарасты­рыл­ған болатын. Алайда, Парла­мент Мәжілісінің депутаттары бюд­жет жобасын талқылау барысында келесі жылға осы мақсат үшін 70,5 мил­лиард теңге қаржы бөлуді ұсын­ды. Сонымен бірге, осы бағдарлама аясында елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапы­нан алдағы 3 жылға 125 миллиард теңге қарастырылған. Ал су көздерін зерттеу жұмысына қо­сымша 15,1 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Республикамыздың елді мекен­де­рін сапалы суыз сумен қамтама­сыз ету мақсатындағы “Ақ бұлақ” бағдарламасы аясында тұрғын­дар­дың көкейкесті мәселелері толық­тай шешім таппақ. Атап айтқанда, бағдарлама толық іс жүзіне асы­рыл­ған кезде еліміздің 80 пайыз ауылдық елді мекендері, 100 пайыз шағын қалалар мен аудан орта­лықтары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Отырыста Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.Смайылов елі­міздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынған Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзеніндегі Көксарай су реттегіші құрылысының барысы туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде үстіміздегі жылдың 18 наурызында Елбасы Көксарай су реттегішінің бірінші кезегін ресми түрде аш­қан­дығын атап көрсетті. Қазір Көк­сарай су реттегішіне су жинау жұ­мыс­тары жүзеге асырылуда. Қыс­қы-көктемгі жиналған тасқын судың көлемі 910,0 миллион текше метрден асты. Бұл су реттегіштің бірін­ші кезеңіндегі жоспарланған жобалық көлемнің 91  пайызын құрайды. 2010 жылдың соңына дейін Көксарай су реттегіші құры­лысы нысандары бойынша негізгі жұмыстар толық аяқталмақ. 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезе­ңінде Оңтүстік Қазақстан және Қы­зылорда облыстары халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Көк­сарай су реттегішінде 3 мил­лиард текше метрге дейін су жи­науға мүмкіндік жасалған. Үкімет отыры­сында сөйлеген Парламент Мәжілісі­нің депутаты Қ.Айтаханов Көксарай су реттегішінің Елбасы бастамасымен жүзеге асырылған нағыз халықтық нысан екенін атап көрсетті. Селекторлық режімдегі Үкімет отырысы барысында Шымкент қаласындағы мәжілісті жүргізіп отыр­ған бірінші вице-премьер Өмір­зақ Шөкеев Көлік және ком­муникация министрінен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” транзиттік ав­токөлік жолын салу барысында не­лік­тен Оңтүстік Қазақстан облы­сында әлі күнге дейін бірде-бір ша­қырым жол салынбай отырғанды­ғы­ның себебін сұрады. Әбілғазы Құсайынов соған орай Оңтүстік Қа­зақстан және Алматы облыста­рын­да бұл халықаралық жол құры­лысын салу барысында жер телім­дерін сатып алу мәселесі өте үлкен проблемаға айналып отырғандығын айтты. Ол осы екі облыста жол құ­ры­лысы өтетін 45 гектар жер телімдері бұрын кепілдікке қойыл­ған немесе заңды иелері анық­тал­маған, соның салдарынан бұл жерлерді сатып алу мүмкін болмай отырған көрінеді. Осы орайда Үкімет басшысы Көлік және коммуникация минис­тріне дереу Шымкент қаласына ұшып, облыс әкімімен бірлесе оты­рып, шұғыл арада бұл жер телім­дерінің тағдырын шешуді тапсыр­ды. Ал келесі аптада Алматы облы­сы аумағындағы даулы жер телім­дерінің мәселесі шешілуге тиіс. Бұл жол құрылысы Мемлекет басшы­сы­ның бастамасымен жүзеге асы­рылып жатқан саяси-экономика­лық маңызды мәселе. Сондықтан бұл орайда ешқандай кедергіге жол беруге болмайды, деді Премьер-Министр. Отырыста “Бейнеу – Бозой – Шымкент” газ құбырының құры­лы­сы туралы Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов есеп берді. Үкімет басшысы вице-ми­нистрдің сөзін бөліп, оның жасаған баяндамасын қатты сынға алды. Вице-министрдің осыдан екі ай бұрын болған жағдайларды қай­талап, мәселені толық меңгермей сөйлеп тұрғанын бетіне басты. Газ құбыры құрылысының барысы туралы Оңтүстік Қазақстан облы­сында іссапарда жүрген бірінші вице-премьерге жергілікті жерде нақты мәселені қарап, шешім қабылдауды тапсырды. Үкімет отырысын қорытын­дылай келіп, Кәрім Мәсімов барлық министрлерге, агенттіктер мен ұлттық компаниялардың бас­шыларына белгіленген тапсырма­лар­ды барынша тиімді орындап, жылды жемісті аяқтауға қол жет­кізуді тапсырды. Экономикамыз­дың қазіргі жағдайы біздің биылғы жылды табыспен қорытынды­лауы­мызға толық мүмкіндік береді. Сон­дықтан,  ендігі қалған уақытта қарқынды бәсеңдетпей, жыл қо­рытындысында жақсы жетістіктерге жетуіміз керек, деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.