• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1073

466 рет
көрсетілді

2010 жылғы 19 қазан Астана, Үкімет Үйі Жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған лимиттері туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған лимиттері белгіленсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. ___________________________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1073 қаулысына қосымша Жергілікті атқарушы органдар борышының 2011 жылға арналған лимиттері мың теңге Р/с № Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті Жергілікті атқарушы орган борышының жергілікті бюджет кірістеріне пайыздық қатынастағы борыш лимиті 1 Ақмола облысы 3 111 998 12,2 2 Ақтөбе облысы 3 155 941 5,6 3 Алматы облысы 2 800 219 4,9 4 Атырау облысы 1 655 479 1,7 5 Шығыс Қазақстан облысы 5 700 034 12,7 6 Жамбыл облысы 2 810 540 14,1 7 Батыс Қазақстан облысы 2 008 753 4,1 8 Қарағанды облысы 2 796 342 3,9 9 Қостанай облысы 3 017 136 9,1 10 Қызылорда облысы 2 639 494 12,6 11 Маңғыстау облысы 2 379 294 3,7 12 Павлодар облысы 1 205 870 2,5 13 Солтүстік Қазақстан облысы 4 191 192 23,5 14 Оңтүстік Қазақстан облысы 14 341286 29,9 15 Алматы қаласы 22 014 713 11,3* 16 Астана қаласы 24 320 482 33,6* Ескертпе: * республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті меншікті кірістері көлемінің 45%-ы аспауы тиіс.