• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2010

Файзрахманның әндері-ай...

696 рет
көрсетілді

Ақ ұлпа түстес аппақ костюм ки­ген қараторы жігіт сахна төрінде “Ала­тау” әнін бабына келтіріп шыр­қап тұр. Осы әнді орындаған кезде Файз­рах­ман Қабашұлының ерекше шабытта­нып кететініне 40 жылдан бері қанық­пын. Әр әншінің ұнататын, шабытын шалқытатын әндері болады ғой. Файзрахман Тұрдыбеков осыдан 40 жыл бұрын Өскемен педа­го­ги­калық институтының музыка фа­культетіне оқуға түседі. Өзінің кіндік қаны тамған Дайыр ауылында мек­тепте оқып жүр­ген кезде ән сала бастаған бозбала қа­шан болсын жүрген жерін думанға бөлеп жүретін. “Алатау” әнін сол кез­де шырқай бастады. Әсіресе, Шәм­ші­нің әндері мен Нұрғисаның лирикаға толы саздарын шырқаған кезде жаны жай табатын. Арман қуған жас жігіт жоғары оқу орнына түсе салысымен Ерболат Ахмадиев, Мұрат Жуа­ныш­баев, Тілеукен Ғаниев, Гуля Бая­н­ди­нова деген талапты жастармен бірігіп “Әндер” ансамблін құрды. Өскемен конденсатор зауытының атағы ол кез­де дүркіреп тұрған. Аталмыш ансамбль кәсіпорын іргесінен бой көтеріп, өнер әлеміне қанат қақты. Уақыт өте келе “Әндердің” ән­дері-ай, дейтін болды өскемендіктер. Облыс орталығы ғана емес “Әндер” ансамблі көрші аудандарға жиі-жиі гастрольге шыға бастады. Ерболат Ахмадиев сазгер еді. Файзрахман да ән шығаруға құлшынды. Қазір оның “Ауылым”, “Дәрігер”, “Жүрек сы­ры” және басқа да әндері сахна төрінде шырқалуда. Институттан кейін Файзрахман Қабашұлы туған өлкесіне оралды. 1978 жылы Дайыр ауылындағы мәдениет үйінің директоры болып қызметіне кірісті. Мәдениет үйіне енді жастар көптеп келе бастады. Мұрат Далабаев деген талапты әнші Файзрахманның оң қолына айналды. Екеуі талабы тау­дай қыз-жігіттерді ансамбльге тартып, шалғайдағы малшы ауылда­рына кон­церттік бағдарламамен шығуды әдетке айналдырды. Біраз жылдан кейін өнер десе ішкен асын жерге қоятын азамат Зайсан қаласына көшіп келді. Зайсан – өнер мен жырдың ке­ніші. Күміскөмей әнші Ораз Кәкеев, марқұм Қанағат Мұқанов негізін қалаған театр­дың атағы көпке мәлім. Сонау алпы­сыншы жылдары Мәс­кеу­дің Крем­ліндегі съездер сарай­ын­да спектакль қой­ып, әндерімен тәнті ет­кен өнерпаздар сол атаққа кір кел­тір­мей өнердегі жолдарын сәтті жал­ғастыру үстінде. Ф.Тұрдыбековтің Зай­сандағы өнер жолы өрісін кеңейтті. Ол қазір “Айнакөл” ансамблінің бел­ді әншісі. Файзрахман Тұрды­бе­ков баянға қосылып ән шырқаған кез­де тыңдаушысын еліктіріп әке­теді. Өт­кен жылдың қараша айында зайсан­дықтар “Туған ел – алтын бесігім” акциясы бойынша Өске­мендегі ме­таллургтердің мәдениет сарайы ал­дын­да төрт сағат бойы ән салып, би би­леді. Файзрахман Қабаш­ұлы сах­наға шығып, “Алатау”, “Гүлде­рай­ым”, “Ақгүлім” әндерін та­мылжыта шырқаған кезде өске­мен­діктер оны көпке дейін қол со­ғып, сахнадан жібермей қойды. Жа­қын­да осы акция бойынша зайсан­дық­тар Семейде өнер көрсетті. Сол жолы Зайсан ауда­ны­ның өнерін алға шығаруда ерекше еңбек сіңірген марқұм Қабимолда Байытов ағамыз әріптес інісіне ризашылығын біл­­діріп, батасын берген-ді. Мұрат Дом­баев, Анар Дом­баева, тағы басқалар да өскемен­дік­терді өнерлерімен тәнті етті. – Өнер саласында еңбек етке­ні­ме 40 жылдан асып барады. Аудан әкімі Серік Зайнулдин, оның орын­ба­сары, өнер мен мәдениеттің жан­ашы­­ры Қаз­бек Биқадамов қолдан келген көмек­терін аямайды. Біз көр­ші аудандарға жиі сапарға шығамыз. Биыл тасқын судан зардап шеккен көрші Тарбағатай, Күршім ауда­н­­дарына б­арып, бірнеше ауылдарда тегін концерт бердік. Ал өзім әннің құдіреті нәти­жесінде Болга­рия­дағы халықаралық фестивальде лау­реат атандым. Жалпы, өнер саласындағы адамдар түрлі атақ алудан кенжелеп қалады. Тіпті “Мә­дениет қайраткері” деген атақ көбімізде әлі күнге жоқ. Алайда, салған әндерім халыққа ұнай­ды, өзіміздің әнші жі­гіт­іміз деп көкке көтереді, – дейді бізбен әңгімелескен Зайсанның күміскөмей әншісі Файз­рахман Тұрдыбеков. Сахнада – әнші Файзрахман Тұр­дыбеков. Ән шырқаған кезде ол бүкіл денесімен қозғалып, ән ырға­ғы­на бері­ліп, түр-түсі құбылып, нұр­ла­нып кетеді. Өнер әлемінде оның биігі әлі аспандай бермек. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы. ------------------------------- Суретте: әнші Файзрахман Тұр­ды­беков.