2010 жылғы 5 қараша, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы №914 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдік берілген трансферттің үш жылдық кезеңге арналған мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы №914 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №30, 272-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.