Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы 5 қараша №1163 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №14, 128-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
“4) мынадай мамандықтар бойынша теңіз флоты, азаматтық авиация және темір жол көлігі:
авиациялық аспаптар слесарь-механигі;
авиациялық қозғалтқыштардың техникалық қамтамасыз етілуін басқару жөніндегі инженер;
авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь;
авиациялық техниканы электромонтаждаушы;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдық инженері;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
аэронавигациялық және радиоэлектрондық жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
әуе кемесінің командирі;
екінші ұшқыш;
жер үсті жабдығы жөніндегі механик;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер;
жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі инженер-супервайзер;
жолаушылар салонын жабдыктау жөніндегі механик;
жолаушылар салондарының жабдығын техникалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі инженер;
жоспарлау жөніндегі кіші инженер;
инженер;
кеме жүргізушілері;
кемелердің кеме жасаушысы-кеме жөндеушісі;
кеме құбыржолшысы;
кеме механиктері;
кеме слесарь-механигі;
кеме электромеханиктері;
кеме электр-радио монтаждаушысы;
кіші инженер;
локомотив машинисінің көмекшісі;
механик;
сенімділік жөніндегі инженер;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі бақылаушы инженер;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші бақылаушы инженер;
техникалық сервис бөлімінің жетекші инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштар инженері;
ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарға техникалық кызмет көрсету жөніндегі инженер;
ұшу аппараттарына техникалық қызмет көрсетуді басқару жөніндегі инженер;
үйлестіруші инженер;
цех инженері;
электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик;
электропоезд және локомотив машинисі.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
_______________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы 5 қараша №1166 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде:
“9-1-бабына” деген сөздер “9-1, 15-2-баптарына және “Ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына” деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
“Мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды нысанын көздейтін мемлекеттік қызмет стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.”;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартында:
1 -тармақтағы “, жұмыс кестесін” деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі” деген сөздерден кейін “, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері” деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
“қорытынды және тағы басқа” деген сөздерден кейін “не қызмет көрсетуден бас тартудын дәлелді жауап” деген сөздермен толықтырылсын;
“нысаны” деген сөз “түрі” деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы “ақы төлеу нысанын” деген сөздер “ақы төлеу тәсілін (қолма қол немесе қолма-қол емес)” деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы “күндер, сағаттар, үзілістер” деген сөздер “жұмыс күндері, сағаттар, үзілістер, демалыс күндері” деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
“23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы екенін көрсету.”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
______________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы 8 қараша №1172 Астана, Үкімет Үйі
Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасын бекіту туралы
“Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы бекітілсін.
2. “Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы №233 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №12, 131-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
__________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы “8” қарашадағы №1172 қаулысымен бекітілген
Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы
1. Осы Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы су объектілерінің жағалау жиегін айқындау тәртібін анықтайды.
2. Жағалау жиегі – судың барынша толу (толық су) нәтижесінде пайда болатын су объектісінің жағалау жиегі.
3. Жағалау жиегінің нақты орналасқан жері құрғақ жер бетінің су объектілерінің (теңіздер, көлдер, өзендер, тоғандар және су қоймалары) бетімен қиылысқан оның белгілі бір деңгейіне (кемеріне) қарай белгіленетін шартты жиегі болып табылады.
4. Теңіздің жағалау жиегінің нақты орналасқан жері судың барынша көтерілген уақытында ең жоғарғы деңгейіне жеткен кезіндегі су кемерінің жиегі, ал көтерілу-түсу құбылыстары болмаған кезде – соқпа толқын жиегі болып табылады.
5. Өзендердің және оларға теңестірілген арналардың, көлдердің, тоғандардың жағалау жиегі су неғұрлым жоғары болатын маусымдағы су кемері болып табылады.
Жаз айларында суалып қалатын өзендердің жағалау жиегі негізгі арнаның айқын көрінген жиегі болып табылады.
6. Су қоймаларының жағалау жиегі су қоймасын пайдалануға қажетті су деңгейіне сәйкес келетін сүйеу көкжиегінің жиегі болып табылады. Егер су қоймасы сүйеу көкжиегінің деңгейіне дейін толмаған болса, онда оның жағалау жиегі су қоймасының суға толған сәтіндегі су деңгейінің жай-күйі бойынша көрсетіледі және картографиялық материалдарда тұрақсыз және айқындалмаған жағалау жиегінің шартты белгісімен бейнеленеді.
Жағалау жиегі терең жырымдалған және иректелген немесе жағалаудың бойында және оған тікелей жақын жерде аралдар тізбегі болса, аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы жиегі тиісті нүктелерді косатын бастапқы тура жиектер әдісімен айқындалады.
______________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2010 жылғы 8 қараша №1173 Астана, Үкімет Үйі
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасын бекіту туралы
“Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы “8”қарашадағы №1173 қаулысымен бекітілген
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен темір жол эстакадаларының қуатын пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жүк жөнелтуші – Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес мұнай мен басқа да сұйық көмірсутек шикізатын өндіруді Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді пайдалануға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға;
2) мұнай тасымалдаушы ұйым – табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласында мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе темір жол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе теміржол эстакадасының меншік иесі;
3) мұнай – шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан және жанғыш жіктастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
4) магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты – мұнай тасымалдау ұйымы техникалық мүмкіндігін ескере отырып белгілеген магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының барынша жоғары өткізу қуаты;
СВОП-операциялар – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және белгілі бір жүк жөнелтуші магистральдық құбырға (магистральдық құбырдың учаскесіне) тапсырған мұнай көлемдерін ол немесе басқа жүк жөнелтуші импорттаған немесе Қазақстан Республикасы аумағының басқа өңірінде өндірген (олардың арасындағы қол жеткен жазбаша уағдаластық негізінде), бір мұнай тасымалдаушы ұйымға тиесілі басқа магистральдық құбырдағы (магистральдық құбырдың учаскесіндегі) мұнайды осындай көлемдерге айырбастау операциялары;
6) еркін өткізу қуаттары – жүк жөнелтушілер пайдаланбайтын магистральдық құбырдың/теміржол эстакадасының өткізу қуаты;
7) реттелетін қызметтер – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі көрсететін және тұтынушыға белгілі бір тауарды беру түріндегі қызметтерді (тауарлар, жұмыстар) ұсынған жағдайды қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
8) Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидада қамтылғаннан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадаларының қуатын пайдалану тәртібі
4. Еркін өткізу қуаты болған жағдайда жүк жөнелтушілер арасында магистральдық құбыр мен теміржол эстакадасында қуаттарды бөлуді уәкілетті орган жүргізеді.
5. Магистральдық құбырлар бойынша мұнайды тасымалдау және (немесе) теміржол эстакадаларында мұнайды төгу/құю жөніндегі реттелетін қызметтерді жүк жөнелтушілерге уәкілетті орган бекіткен мұнай тасымалдау, төгу/құю ай сайынғы кестесіне (бұдан әрі – кесте) сәйкес табиғи монополия субъектісі көрсетеді.
6. Кестені қалыптастыру үшін жүк жөнелтушілер мұнай тасымалдауға, төгуге/құюға арналған өтінімдерді уәкілетті органға есепті айдың басталуына дейін кемінде жиырма күнтізбелік күн мерзімде ұсынады.
7. Кестелер есепті айдың басталуына дейін он күнтізбелік күн қалғанда бекітіледі және олардың тиісінше орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жіберіледі.
8. Кестеге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті орган жүк жөнелтушіден түзетуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және олардың орындалуы үшін мұнай тасымалдаушы ұйымдарға жібереді.
9. Кестелерді, сондай-ақ кестелерге өзгерістер мен толықтыруларды мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы болған жағдайда мұнай тасымалдаушы ұйым бекітеді. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/кұюдың техникалық мүмкіндігі туралы растамасы мұнай тасымалдаушы ұйымдар уәкілетті органға оның сұрауы бойынша ұсынады.
10. Мұнай тасымалдаудың, төгудің/құюдың техникалық мүмкіндігі туралы растама болмаған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы жүк жөнелтушіні хабардар етеді.
11. Мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті орган кестені бекіткен күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде әрбір жүк жөнелтушіге кестелерден үзінді көшірме ұсынады. Мұнай тасымалдаушы ұйым кестеде бекітілген мұнайды тасымалдау, төгу/кұю көлемдері мен бағыттарын сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.
12. Бір магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) еркін өткізу қуаты болған және басқа магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) өткізу қуаты болмаған жағдайда, мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтуші мұнай тасымалдаушы ұйымның және уәкілетті органның жазбаша келісімімен СВОП-операцияларын жүзеге асыра алады.
Есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органға тасымалдаудың, төгудің/кұюдың көлемі мен бағыттарын көрсетумен кестенің нақты орындалуы туралы есепті ұсынады.