• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2010

Еуразия жүрегіндегі, қазақ жеріндегі үнқатысу

424 рет
көрсетілді

Менің алдымда сөйлегендер тә­різді алдымен бізді қарсы алып жат­қан Қазақ­стан мемлекеті мен оның Президентіне алғысымды жеткізгім келеді, деді Мо­нако Корольдігі үкі­метінің басшысы Мишель Рошер бұрнағы күні түстен кейін Грекия Премьер-министрі Г.Папандреудің төрағалығымен өткен 2-сессия со­ңы­на таман сөйлеген сөзінде. Әрі қарай ол төрағалықтың жоғары дең­гейде жүргізілгенін атап көрсетті. Монако Ұйымның құн­дылық­тарын құрмет тұтады және оны әрбір мүше мемлекеттің де сақ­тауын қалайды. Мысалы, адами құн­дылықтардың сақталуын, ха­лық­тың қорғауды қажет ететін топ­тары, он­ың ішінде балаларды қор­ғауды сөз етуді ұсынған төраға елдің ойын құп­таймыз. Бала саудасымен айна­лы­са­тындарға шынында тос­қауыл қою баршаның міндеті болуы тиіс. Бұл жерде біз ЕҚЫҰ-ның осы ор­ай­дағы барлық бастамаларын қолдай­ты­нымызға сендіргіміз келеді, деді М.Рошер. Сонымен қатар, Монаконың Ұй­ымның екінші өлшемі бойынша да жүргізілетін жұмыстарды қолдай­ты­нын жеткізген ол, экологиялық қауіпсіздікті сақтауға тиісті тетіктерді дамытып, осы жолда ЕҚЫҰ әле­уетін тиімді пайдалану маңызды деген ойын ортаға салды. Келесі сөз кезегін модератор Ру­мы­ния Президенті Тра­ян Бэсеску­ге берді. Ол Астана Самми­ті­нің ма­ңызына мән бе­румен сөзін баста­ған. Ру­мы­ния басшы­сы ЕҚЫҰ Самми­ті­нің алғаш рет Азияда орна­ласқан мемлекетте ұйым­дас­тырылып отыр­ға­­нын айтып, оны тарихи сәт деп ба­­ғалады жә­не жиын Ұйым мүше­лері арасында бір-біріне деген се­нім­ге селкеу түс­кен сәттердің азаюы­на үлес қосады деген ойын жеткізді. Еуропа қауіпсіздігін сақтауда Ұй­ымның осыған дейінгі жетістіктерін әрі қарай дамытудың маңызы зор. Ұзаққа созылған жанжалдар оша­ғына тұрақтылық әкелу, жаңа ошақтардың пайда болмауы жолын­да бірлесе қимылдау маңызды, дей келіп, сонымен қатар, демократия­лық ұстанымдардың алға жылжу­ын­да Ұйымның шұғыл мүмкіндік­терін кеңейтуге мән бере түскен абзал екенін атап көрсетті. Өкінішке қарай, біз бүгінгі күні ұзаққа со­зыл­ған жанжалдарды шешуде бірқатар қиындықтармен бетпе-бет қалып отырмыз, деді Румыния Президенті. Біздің осындай даулы мәселе­лер­ді шешуде адамдар, базалық негіздер немесе идеялар емес, саяси ер­ік-жігер жағы жетіспей жа­тыр деген пікірлерге толық қосыла­тынымызды айтқым келеді. Ұйым осыдан 35 жыл бұрын бір-біріне кереғар ұстанымдағылардың түсіні­суге ұмтылысы арқасында дүниеге кел­ген еді. Ал осы үрдістің жалға­сын табуы ЕҚЫҰ-ның мүмкіндік­терін молайтып, кеңістіктегі қауіп­сіздік пен ынтымақтастықты алға апаруға ықпал етпек. ЕҚЫҰ-ның өзекті ұстаным­да­рын нығайтуда демократиялық қа­ғи­даттарды басшылыққа алған, бар­шаға ортақ қауіпсіздік мәселесі тұ­жырымдамасының маңызы үлкен. Және де кикілжің туып қалады-ау деген қауіпті сезу мен оның алдын алуда, ол дауды тоқырау шегіне жеткізбеуде Ұйым назарында ұстар мә­селелер баршылық. Қазіргі уақытта Приднестровье, Абхазия, Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабақ сынды дау­лы ошақтардағы түйіндердің шешімін іздестіруде ондағы нәтижелерді сараптаудың рөлі зор. Дания Сыртқы іс­тер министрі Лене Эсперсен біз­дің ал­ды­мызда өз сөзінде Ұйым­ның құн­­ды­лық­­тарын қа­дір­леу ғана емес, оны қорғау да тұр­ғанын естен шы­ғар­мауға тиіспіз, деді өз сөзінде. Адам құқығы Ұйым ке­ңістігіндегі барлық мемлекеттер үш­ін басты құнды­лық­тың бірі болуы тиіс деген пікірге қосыла отырып, оны тағы да қай­талағым келеді. Әр ел өз аза­мат­та­рының құқығын сақ­тап, заң үс­темдігі басшылыққа ал­ынса, біз­дің кеңістікте өмір сүретін адамдар тіршілігі жақсаратынына еш дау жоқ. Осы ретте қазақ төр­ағалығы тұ­сында басымдық­тардың бірінен са­налатын осы тақырыптың Копен­гагенде талқыланғанын айта кетейін. Осы талқылауда Ұйымға мүше елдер мойындарына алған міндеттерін орындайды деген күн­нің өзінде осы мәселені қарас­тыр­ғанда оны әрі қарай дамыта, то­лықтыра түсу ма­ңызды деген ойлар айтылды. Ал аза­маттардың құқық­тарының тап­тал­мауы, қинау мен өлім жазасына кесуге қарсылық, бұқаралық ақ­па­рат құралдарының бостандығы ту­ра­сында Ұйым ке­ңістігінде әлі де шешетін проблемалар жеткілікті. Осылай деген Дания Сыртқы істер министрі Ұйым ая­сында үнемі назарда ұстар маңызды мәселелердің қатарына энерге­ти­калық қауіпсіздік, есірткінің заңсыз айналымы, Ауған­стан жайы және бүгінгі замандағы жаңа қауіп-қатер­лерді болдырмау мә­селелерін жат­қызды. Мұндай мә­се­лені қандай қуат­ты болса да жекелеген мем­ле­кеттің шеше алмай­тынын айтқан дипломат Ұйымның осы тұста бас­қа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтаса қимыл­дауын маңызды басымдықтардың бірі санайтынын жеткізді. Мұнан соң сөз ал­ған Черногория Пре­зиденті Филип Вуя­нович жоға­ры дең­гей­дегі ЕҚЫҰ Сам­митіне жиы­луымыз Ұйым­ға мүше мем­ле­­­кет­тер­дің оның құн­ды­лық­тарын қа­дір­леуі­нің әрі оның жұмы­сын жан­дандырудың белгісі деп танимын және осы бір күрде­лі кезеңде жемісті төр­ағалық атқарған Қазақстан қыз­метін атап өтсем деймін, деді. Би­ылғы жылы біз Ұйым құрылуы­ның 35 жылдығын, Париж Хартия­сының 20 жылдығын атап өттік. Бұл Ұйым үшін маңызды кезеңдер. Ол құрыл­ған күнінен бері Ванкувер мен Вла­дивосток арасына созылған кеңіс­тік­тегі халықтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауға қызмет етіп келеді. Ал осы тұста «Корфу үде­рісін» сөз ету маңызды деп білеміз. Жас мемлекет – Черногория да қауіпсіздікке қатысты осы мәселені талқылауға қатысқысы келеді. Қау­іп­сіздік жайын айтқанда, еуроатлан­тикалық және еуразиялық қауіпсіз­дікті сөз ету маңызды деп білеміз. Қауіпсіздікті нығайтуда Вена құжатын жаңғырту Ұйымның қазір­гі өзгерістерге бейімделуіне ықпал етер еді. Жалпы қауіпсіздікке қол жеткізуде бүгінгі күні жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуына байла­нысты олармен күресте бәріміз бірлесе қимылдасақ қана жеңіске жетеміз. Осы ретте Ауғанстан мәселе­сіне мән беру өте маңызды. Тағы бір Ұйым басымдығы саналатын мәсе­ле адам құқығы десек, адами өл­шемдер бойынша қай мемлекеттің де мойындарына алған міндеттемелерін орындауы парыз болып та­былуы тиіс. Италия Премьер-министрі Силь­­вио Бер­лускони Ас­та­на­да ЕҚЫҰ-ға қатысу­шы елдер еуроатлан­тика­лық және еура­зиялық қауіпсіздікке қарай тағы бір қадам жасап, ортақ құн­ды­лықтарға жақындай түсе ала­ды деп есептейді. Ол үшін бірінші кезекте қазіргі жанжалдарды оң шешіп, жер­гілікті жерлерде жұмыс істейтін ЕҚЫҰ-ның институттары мен 18 миссиясы арқылы олар­дың профи­лактикасымен айналысу керек. Ұй­ым­ның Бас хатшылығы тарапынан шешім қабылдау ықти­мал­дылығын күшейткен жөн. Мені таңқалдырған бір жәйт – Қазақстанда 130 ұлттар мен ұлыс­тар­дың, 46 конфессиялар өкілдері­нің бейбіт қатар өмір сүріп жатқаны болды. Бұл – біздің барлығымыз үш­ін жақсы үлгі. Өкінішке қарай, Еуропада, Балқанда біз жанжалдар, түрлі мәдениеттер мен конфессиялар арасындағы қарама-қайшы­лық­тар неге соқтыратынын көрдік. ЕҚЫҰ Балқанда шешуші рөл атқар­ды және қазақстандық үлгіден рух­танған болулары керек, осы рөлді жалғастырып келеді. Бүгінде қыр көрсетулер Орталық Азия өңірінде де бар екені жасырын емес. Ұйым өзін Қырғызстанда жақсы қырынан көрсете білді. Біз осы арада Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке бастамасы үшін тағы да бір мәрте ризашылығымызды білдіруге тиістіміз, деп мәлімдеді италиялық көш­басшы. Өз сөзінде Мол­дова Республи­касы Премьер-минис­трі­нің орынба­са­ры Вик­тор Осипов өтіп отырған Саммит жә­не Қазақстанның Ұй­ым­ға төрағалығы бүкіл ЕҚЫҰ кеңіс­ті­гіндегі елдер халқы үшін айтарлық­тай оқиға екенін атап көрсетті. Бар­лығымыз Ұйым жауапкершілігі ау­ма­ғындағы аса көкейкесті мәселе­лерді, оның ішінде қауіпсіздік пен ынтымақтастық жайын талқылау үшін жиналып отырмыз. ЕҚЫҰ-ның осының алдындағы Саммиті ұй­ымдастырылғалы бері табаны кү­ректей 11 жыл өтті. Сол уақыттан бері халықаралық қауіпсіздік, қару­лануға бақылау жасау тетіктері мен мемлекеттер арасындағы өзара қа­рым-қатынас жүйесін тікелей қоз­ғай­тын оқиғалармен қатар, мың­да­ған адамның өміріне қатер төнді­ре­тін неше түрлі қауіптер бой көрсет­ті. Сондықтан ЕҚЫҰ Еуропа қау­іпсіздігі архитектурасының маңыз­ды элементі болып қала бермек. Осылай деген В.Осипов Астана Саммиті екі міндетті шешуге көмек көрсете алатынын атап көрсетті. Біріншіден, ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшеміндегі табыстарымыз бен кем­шіліктеріміз арқылы бүгінгі жағ­дайға баға беруіміз қажет. Екін­ші­ден, болашақтағы іс-қимылдары­мыз­дың басымдықтары мен жос­пар­лары ту­ралы келісімге келудің маңызы зор, деді Молдова Респуб­ликасы Пре­мьер-министрінің орын­басары. Ке­ле­сі кезекте ол өз елінің 18 жылдан бері қасірет шегіп келе жатқанына жиналғандар назарын ау­дарды. Рет­теуге көнбей тұрған Днестр жаға­лауы жанжалы Молдова Рес­пуб­ли­касы қауіпсіздігіне ғана емес, сон­дай-ақ бүкіл өңір, бірінші кезекте, көр­ші­лес Украина мен Еуроодақ елдері үшін қатер болып отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, деп жалғады өзінің сөзін В.Осипов, Днестр жағалауы жанжалын Мол­дованың егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде шешу үшін «5 + 2» пішініндегі ресми келіссөздерді қайта жаңғыртуға ша­қырамыз. Біз әріптестерімізді Днестр жағалауы лидерлерін келіссөз үс­теліне қайта оралу дұрыс қадам бо­латынына көндіру үшін көмек қол­дарын созуға үндейміз. Осыған бай­ланысты аталған мәселеге жүйелі си­пат беріп, үнқатысуды нақты маз­мұнмен толықтыруға өзіндік үлес қосқан қазақ төрағалығына риза­шылық сөзімді арнаймын. Молдова Республикасы Премь­ер-министрінің орынбасары сөзінің соңында қазақ тарабына биылғы жыл бойы жүргізген ЕҚЫҰ шең­беріндегі айтарлықтай жұмысы үш­ін және Астанадағы қонақжайлығы үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Кеше Тәуелсіздік сарайында Еу­­ро­падағы қауіпсіздік және ын­ты­­мақ­тастық ұйымына мүше ел­дер­­дің мемлекеттер және үкімет­тер басшыларының жоғары дең­гей­дегі Саммиті жұмысын жалғас­тыр­ды. Бұл күнгі үшінші сессия­ның отырысына Литва Респуб­ли­касының Президенті Даля Гри­бау­с­кайте төрайымдық етті. Қазақстан Республикасының Пре­­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Даля Грибаускайтеге сессия жұмысының тізгінін ұстатар алдында қысқаша сөз сөйлеп, қатысушыларды ЕҚЫҰ Саммиті жұмысы жөнінен хабардар етті. Кеше жемісті үнқатысу болды. Үйлесімді ұсыныстар мен идеялар айтылды, деді Мемлекет басшысы. Жоғары деңгейдегі Астана Саммиті бізге ЕҚЫҰ-ның жаңа құрылы­сы­ның қызметімен кең тыныстауға бірегей мүмкіндік беретініне сіздердің назарларыңызды тағы да аудартқым келеді. Көптеген шешендер айтқан­дай, он бір жыл бұрынғы Ыстамбұл Саммитінен кейін Астана Саммиті енді біздердің уақыт теңестіріп, қайда тұрғанымызды, алға жыл­жуымыздың негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан Президенті, сондай-ақ Ұйым кеңістігіндегі елдер халық­тары саммиттен үлкен үміт күтіп отырғанын атап өтті. Делегация бас­шыларынан өздерінің орындаушы­ларына Астана Декларациясының жо­басына байланысты нақты нұс­қау беруге тапсырма берулерін өтін­ді. Астана Декларациясын қабыл­дау­ға консенсус болатынына үмітті екенін жеткізді. Сессия отыры­сы­­на жетекшілікті қо­лы­на алған Ли­тва Пре­­зиденті Да­ля Гри­­­бау­скай­те ал­ғаш­қы сөз­­ді Сло­ве­ния Пре­­­зи­ден­ті Да­ни­ло Тюрк­­­ке берді. Ол алдымен жоғары дең­гей­дегі Астана Самми­тіне қолайлы жағ­дай жасағаны үшін Қазақстан Прези­ден­тіне алғыс білдірді. Содан кейін негізгі мәселеге көш­ті. Ұйымға қа­ты­су­шы елдердің бірқа­тары жа­һан­дық қаржы-эко­номи­ка­лық дағ­да­рыс­тан әлі шыға қойған жоқ. Бү­гінде экологиялық проблемалармен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету өткір мәселеге ай­на­лып барады. Сондықтан ЕҚЫҰ еуроатлан­ти­калық-еуразиялық қауіпсіздік мәсе­ле­ле­рін қамтамасыз ету үшін Ұй­ымға қатысушы елдер Ұйым ая­сын­дағы міндеттемелерін орындауы қажет, деді Данило Тюрк. Біз көрініс беруі ықтимал күрделі жағ­дай­ларда шыдамдылық танытып, се­нім көр­се­те білуіміз керек. Сонда ғана көп­теген қиын жағдайларды реттеуге болады. Словения басшы­сы, сон­дай-ақ Таулы Қарабақ жан­жалына тоқталды. Оның айтуынша, Қарабақ проблемасының туында­ға­нына 20 жылдан асты. Оны бейбіт жолмен реттеуге Минск тобы жұ­мыс істеп жатыр. Президент бұдан соң, НАТО-ның жақында өткен саммитінің, сол саммит кезінде қабылданған құжат­тың маңызы ерекше екенін атады. Сонымен қатар, Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің Еуропадағы қауіпсіздік туралы құжатқа ойда­ғыдай баға бергенін атады. Астана Саммиті Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығының басын қосып отыр, деді Данило Тюрк сө­зінің соңында. ЕҚЫҰ-ның Іс ба­сындағы төрағасы өз міндеттемелерін орындады. Қатысушы мемле­кет­тердің барлығын Астана құжатын қабылдауға шақырамын. Албания Пре­зи­денті Бамир То­пи Қазақстан бас­шылы­ғына қонақ­жай­лы­лық көрсеткені үшін алғыс айта келіп, Ас­тана Саммиті он бір жылдан соң өтіп отырғанына, төр­аға ре­тінде Қазақстан ЕҚЫҰ-ның мүд­десі үшін жыл ішінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырып, оларды табысты өткізгеніне тоқталып өтті. Халық біздің Ұйымға зор үмітпен қарап отыр, деп жалғастырды сөзін Албания басшысы. Өйткені, адам­дардың бір бөлігі жанжалдардың, қару-жарақ саудасының, террор­шыл­­дықтың салдарынан еркін жү­ріп-тұру мүмкіндігінен айырылып отыр. Бұлар этносаралық және дін­аралық кикілжіңдердің, адам шы­ғынының орын алуына алып келеді. Сондықтан да болашақта ЕҚЫҰ қау­іпсіздікті қамтамасыз етуде өзі­нің стратегиялық бағыт ауқымын кеңейткені жөн. Президент Ауғанстанды саяси жағынан тұрақтандыруда елдің мем­лекеттік шекарасын нығайту қажет деп есептейді. Ал Албания «Корфу үдерісі» қағидаларын қолдайтын­ды­ғы басы ашық мәселе. Сонымен бірге, ол Балқанда, оның ішінде Батыс Балқан аймағында саяси тұрақты­лықты дамытуда айтарлықтай ілгері басушылық бар екендігін атап өтті. Бұған мысал ретінде жаңадан тәу­елсіздігін алған Косовоны келтірді. Бамир Топидің атап өтуінше, бү­гінде Косовода саяси тұрақтылық орнықты, дұрыс жолмен дамып келеді. Сербия мен Косово арасын­дағы қатынас біртіндеп орнап келеді, проблемалар да бар. Албания Балқан өңіріндегі елдермен жақсы қарым-қатынаста. Албания – НАТО-ға мүше мемлекет. Албания басшы­сының пікірінше, бұл Албанияның қауіпсіздігіне кепіл болады. Бұдан кейінгі сөз Армения Пре­зиденті Серж Саргсянға бе­­рілді. Ас­тана Сам­миті – ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы ал­ғаш­қы саммиті. Сон­­­дық­тан да Армения басшысы ал­ды­мен осы жиынды өткізуде жоғары белсенділік танытқаны үшін Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­ба­ев­тың жеке өзіне шынайы алғы­сын білдірді. Әрі қарай ол бірден Тау­лы Қарабақ проблемасына ойыс­ты. Тау­лы Қарабақ республикасы 1991 жылдың қыркүйегінде өзінің тәуел­сіздігін жариялады, деді Серж Сар­гсян. Бұл халықаралық құқық­тық нормаларға және сол кездегі КСРО заңдарының талаптарына то­лық сәй­кес келеді. КСРО таратыл­ған­нан кейін Таулы Қарабақта екі мемлекетке – Әзірбайжан және Ар­ме­нияға бағынатын екі билік құ­ры­лымы орнықты. Осылай деп мәлімдеген Арме­ния Президенті әрі қарай оның себептерін атап берді. Оның айтуын­ша, барлығы армяндар тығыз қо­ныс­танған Таулы Қарабақ автоно­мия­лы облысында әлеуметтік-эко­номи­ка­лық мәселелердің шешілмеуіне бай­ланысты. Осының салдары­нан екі ел арасында қарулы қақ­ты­ғыстар тұтан­ды. Оның соңы Әзір­бай­жан аума­ғынан армян этноста­рын күшпен шығаруға ұласты. Әзір­байжан билігі мұны мойындамай келеді. Бұдан кейін Серж Саргсян Әз­ірбайжанның жыл өткен сайын өзі­нің әскери салаға бөлінетін бюджетін арттырып келе жатқанын көл­денең тартты. Оның пікірінше, соң­ғы 16 жылдан бері Әзірбайжан Ар­менияға қарсы жаңа басқыншылық (агрессия) әрекеттер қолданып келеді. Таулы Қарабақ республикасын әскери күш қолдану арқылы «ба­сып» алуды ойластыруда. Бұл ту­ралы Әзірбайжан басшысы бірнеше рет мәлімдеді. Сондай-ақ ол Әзір­бай­жан тарапының ондағы армян халқының тарихи-мәдени мұрала­рын қиратқанын да айтып қалды. Әзірбайжан Таулы Қарабақ жан­жалын шешуге мүдделілік таныт­пай­ды, деді Армения басшысы сөзін аяқтай келіп. Ал Армения Таулы Қарабақ проблемасына әскери күш­терді араластыруды қаламайды. Әз­ір­байжанның Таулы Қарабақ рес­пуб­ликасын даулауына заңдық та, саяси да, моральдық та құқығы жоқ, деп санайды Армения басшысы. Саммит оты­ры­сы­ның сессия­сын­да Люксембург Пре­мь­ер-минис­трінің ор­ын­­басары – Сыртқы істер министрі Жан Ассельборнға сөз бе­рілді. «Осыдан 35 жыл бұрын біз Хельсинкиде өз­ара ынтымақтас­тық­­тың негізін қала­дық. Бұл ынты­мақ­тастық біздің барлы­ғымызға ор­тақ құн­дылық­тар­ға, демо­кра­тиялық жә­не адам құқық­та­рын сақ­тау қа­ғи­дат­тары тетігіне негізделген бола­тын, деп бастады ол өзінің сөзін. Сол себепті, биыл Астана Сам­ми­тіне жиналу арқылы біз Ұйым қыз­метін жандандыруды, сол арқылы барлы­ғымызға ортақ құндылықтар негізін одан әрі нығайтуды мақсат етіп отырмыз. Бұл өз кезегінде 56 мемлекет мүше жетекші Ұйымның қауіпсіздікке қатысты негізгі бағы­тын айқындай түседі. Ал бұл бағыт Ұйымның 3 өлшеміне негізделуі тиіс. Ең алдымен, ол – Ұйымға мүше елдердің өзара сенімі мен сенімге негізделген қағидаттарын нығайту. Барлығыңызға белгілі, 2008 жылы Грузияда орын алған тамыз оқиға­лары Ұйымның қауіпсіздік төңіре­гіндегі тетіктеріне әсер етпей қой­мағаны анық. Сол кездегі дағдарыс­тар Ұйымның көп нәрсеге жаңа қы­рынан қарауын қажет етті. Финлян­дия, Грекия, енді міне, Қазақстан төрағалығы мен күш-жігері арқа­сын­да біз жаңа үнқатысуды нығай­туға және сол үнқатысуды жаңа қы­рынан айқындауға мүмкіндік алдық. Бұл үнқатысу «Корфу үдерісі» кезінде де жүріп отырды. Ал ол өз кезегінде ынтымақтастықты нығай­туға және де Ұйымға мүше елдер арасындағы өзара сенім үдерісінің аз мөлшерде болса да орнығуына оң әсер етті. Сондықтан, мұндай үнқа­тысуларды Ұйым құрылымын жа­ңаша реформалауға, сол арқылы ЕҚЫҰ алдында көлденең тұрған мәселелерді шешуге бағыттауымыз керек. Егер де олай болмаса, мұны мен Ұйымның жеңілісі деп қабыл­даймын, деді шешен. Ол Ұйым қызметін қарауда оның қару-жарақ түрлеріне бақылау жүргізуді ны­ғайту тетігін назарда ұстау керектігін де атап көрсетті. Ж.Ассельборнның айтуынша, Ұй­ым қызметі жаңа ғасырдың жаңа оқиғаларына жаңаша бейімделуі керек. Люксембург тек ядролық қана емес, басқа да бағыттардағы қауіп­сіздікті сақтау қажет деген қағи­дат­ты ұстанады. Сондықтан, біздің еліміз қару-жараққа қазіргі заманға сай бақылау жүргізу идеясын қолдайды. Бұл жерде Таулы Қарабақ, Ауған­стан және Грузия секілді елдердегі қару-жараққа қатысты текетірестер мен шиеленістерді айрықша атап өтуіміз қажет. Мәселені біржақты қарау, я болмаса мәселені шиеленістіре түсу бағытындағы қарым-қаты­настар Ұйымның қызметіне, беделіне ғана нұқсан келтірмейді, ол Ұй­ымға мүше елдер өңірлеріне де кері әсерін тигізеді. Бұл ретте, мен бұ­рын­нан қалыптасқан шиеленісті жағ­дайларды реттеу әлеуетін ба­рын­ша күшейту бастамасын қол­дай­мын. Сол арқылы біз «Жол кар­тасын» әзірлеп, сол негізде жаңа бастамалар көтеруіміз қажет. Бұл тиімді үнқатысу алаңын құрып, сол бойынша жаңа қадамдарға баруға жәрдемдесетін болады, деді Люк­сем­бург делегациясының басшысы. Ол сондай-ақ, Хельсинки Қоры­тынды актісін қабылдау арқылы Ұйым­ға мүше елдердің барлығы адам құқығын қорғау, демократия мен құқықтық мемлекеттегі бос­тан­дық үдерістеріне қатысты көптеген міндеттемелер мен жауапкершіліктерді өз мойындарына алғандығын атап өтті. Бұл міндеттемелердің әр­қайсысы Ұйымға мүше елдердің ортақ мүмкіндігін көрсетеді және Ұйым қағидаттарын бұрынғыдан да айқындай түсуге көмектеседі. Бұл орайда, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның, Ұлттық азшылық мәселе­лері жөніндегі Жоғарғы комиссар қызметтерінің, БАҚ бостандығы жө­ніндегі өкілеттіліктердің рөлін ай­рықша атап өтуіміз қажет, деді Люк­сембург Премьер-министрі – Сырт­қы істер министрі. Оның айтуынша, осы орайда Ұйым алдында тұрған жауапкершілік пен міндеттемелерді жүзеге асыруға, мәселен, БАҚ бос­тандығын оңтайландыру құрылы­мын күшейтуге айрықша мән берілуі тиіс. Және де оны өзіміздің наза­ры­мыздан тыс қалдырмауымыз керек. Осылай дей келе, шешен ЕҚЫҰ-ны ХХІ ғасыр алға тартқан шиеленістер мен текетірестерге дер кезінде үн қатып, түйткілді шеше ала­тындай қауқары бар құрылым ретіндегі рөлін қайта жандандыру қажет­тігін атап өтті. 2008 жылғы тамызда Грузияда орын алған шиеленіс, би­ылғы жылғы Қырғызстандағы дағ­да­рыс секілді қиындықтарға төтеп беру – ЕҚЫҰ-ның басым бағыты мен құзыретіне айналуы тиіс. Сол себепті, бірінші кезекте ондай қиын­дықтардың дер кезінде шешілуіне назар аударылуы қажет. Ауған­стан­дағы ахуал да осындай іс-қимыл қа­жеттігін айғақтайды. Алайда, жи­ын­да бұл түйткілдер жоғары шамшыл­дық деңгейде көтерілген жоқ. Соң­ғы 10 жыл ішінде терроризм, адам саудасы, есірткі трафигі, өзге де қылмыстардың өріс алуы – біздің өз жауапкершілігімізді толық дәрежеде орындамай отырғанымызды білдіреді. Бұл ретте Люксембург осын­дай жаһандық қыр көрсетулерге қа­тысты шараларға араласып, ЕҚЫҰ-ның тұрақтылық қағидатын нығай­туға толықтай қосылады, деді ол. Сондай-ақ, шешен өз сөзінде Ұйым­ның болашақта тізгінін ұстай­тын Литва, Ирландия және Украи­наға сәттілік тіледі. Қорытын­ды­сын­да Люксембург өкілі Корея тү­бе­гіндегі шиеленіске алаңдаушылық білдіретінін, ал оның ЕҚЫҰ-ға мү­ше елдерге де қатысты екенін атап өтті. Бұл ретте ол Солтүстік Ко­рея­ға байланысты жағдайды ушық­тыр­мауға шақырды. Себебі, ол тек өңір­лік қауіпсіздік жағынан ғана емес, бүкіл әлем бойынша ЕҚЫҰ кеңіс­тігіндегі қауіпсіздікке әсер ететін болады, деді Ж.Ассельборн. Түркия Пре­зи­­ден­ті Абдулла Гүл: «Осы­дан 11 жыл бұ­рын Ыс­тамбұл­да саммитті қа­былдаған ел басшы­сы ретінде би­ылғы саммитке қаты­суға мүм­кін­дік алға­ным мен үшін үлкен құрмет. Осы ор­айда, Қа­­зақ­стан Пре­­зи­ден­ті Нұр­­сұл­­тан На­­­зар­баевқа Сам­митке жоғары деңгей­де төр­аға­лық еткені үшін алғысым­ды білдіремін», деді. Ол сондай-ақ ЕҚЫҰ елдерін қауіпсіздікке байла­ныс­ты бірлескен үлкен жұмыстар күтіп тұр­ғанын, ал егер де үлкен жауапкершілікке толы мәселелерге қа­тысты лайықты шешім қабылданса, онда ол Ұйым алдындағы міндетті атқар­ған болып шығатынын атап өтті. ЕҚЫҰ – шиеленісті жағдайды бейбіт жолмен реттеуге әсер етуші ұйым. Түркия өз кезегінде Грузия­дағы, Әзірбайжандағы шиеленіс пен кикілжіңдерді бір жүйеге келтіруге қатысты жұмыстарға қолдау білдіреді. Орталық Азиядағы шиеленісті жағдайларды айтқанда, Ауғанстан­ды айналып өту мүмкін емес. Ор­талық Азия трансұлттық қыр көр­сетулерге ұрынып отыр, ал саммит осындай қордаланған проблема­лар­ға тиімді ықпал ету құралына ай­налуы тиіс, деді А.Гүл. Сондай-ақ ол өзінің сөзінде бүгінде әлемді алаң­датып отырған мәселелерді ше­шу­дің тиімді жолдарын табу қажет­тілік екенін, осы орайда, Ұйым адами құндылыққа айрықша назар ау­дарып, нәсілшілдікке қарсы тұру ба­ғытында ауқымды қадамдар жасауы керектігін атап көрсетті. Бұдан кейін оты­рысқа модера­тор­лық етіп отырған Литва Респуб­ликасының Пре­зиденті Даля Гри­­бау­скайте сөз сөй­леді. ЕҚЫҰ-ның негізгі бағыты – де­мо­кратиялық қау­іп­сіз­дікті сақтау, адам құқығын қо­рғау, БАҚ бостандығы. Біз келер жылы Ұйымға төрағалық етеміз. Демек, осы мәселелерге қатысты нақ­ты ұсынымдар әзірлеуіміз қажет. Біз­дер, яғни Ұйымға мүше елдер бір-бірімізбен өте тығыз қарым-қа­тынаста болуымыз керек. Мәселен, Ауғанстандағы, ондағы есірткі трафигі, басқа да күрделі жағдайлар кім-кімді болсын бейжай қал­дыр­мауы керек. ЕҚЫҰ – әлеуеті күшті құрылым. Ауғанстан тек өз тағ­ды­рын өз қолына алғанда ғана мәсе­ленің түйіні тарқатыла бастар еді. Ұйым аясында қаралуға тиіс көп­теген ішкі және сыртқы мәселелер жеткілікті. Осыған орай, Ұйымның ауқымдылығына, оның қызмет ету аясының кеңдігіне қарамастан, біз жаңа міндеттерді айқындауымыз қажет. Сол себепті, сіздерден өзі­міздің әр қадамымызды нақты істерге бағыттайық дегім келеді, деді Литва Президенті. Сөз соңында ол Қазақстанның жетекші Ұйымға төр­ағалық етудегі күш-жігеріне көңілі толатынын білдірді. Литва басшы­сы­нан кейінгі сөзді Хорватия Прези­ден­ті Иво Йоси­по­вич алды. Өзінің сөзінде Хорватия басшысы Ұйымның Қазақ­стан­да өт­іп жатқан ма­­ңы­зды Саммитіне қа­ты­су өзі үшін үлкен мәртебе екенін, бүгінде екі елдің, яғни Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптес­тік байланыстың дұрыс жолға қой­ылғанын айрықша сезіммен жеткізді. Мен бұл саммиттің өте тарихи оқиға екеніне және де ол көптің есінде айрықша сақталатынына сенімдімін. Осы орайда, Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев­тың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Оның Ұйымға төрағалық ету кезіндегі прагматикалық көзқарасын, күш-жігерін, тәжірибесін бөліп айтар едім. Соңғы 11 жыл бедерінде Ван­куверден Владивостокқа дейінгі ке­ңістікте өзгерістер болды. Оның шең­беріндегі түрлі кикілжіңдер, шие­­леністер, күрделі жағдайлар еу­ро­палық қауіпсіздікке тұтастай әсер етуде. Айталық, Еуропаның кейпінде де бұрынғыға қарағанда айта­р­лықтай айырмашылық бар. 56 мемлекет мүше ЕҚЫҰ-ның қызметі мен құзыреті – осының айғағы. Бүгінгі­дей ауқымды жиын өзара әріптес­тіктің жаңа ұстанымдары мен қа­ғидалар негізінің қалануына сеп болады әрі жаңаша леп әкеледі деп ойлаймын. Өзінің 35 жылдық тари­хында ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары мен міндеттемелерінің негізін қалап үлгерді. Бұл міндеттемелер еуроатлантикалық және еура­зиялық қауіпсіздік құрылымына қыз­мет етері анық. Сондықтан, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер көлемінің үл­кен-кішілігіне қарамастан, Ұйымның қауіпсіздік тұрғысындағы ұстаны­мына өз үлестерін қосулары керек. Ал бұл өз кезегінде бізді әлі де шешімін таппай отырған түйткілді мә­селелерге, Ұйымның негізгі сая­са­­тының жүзеге асуына қызмет ететін болады, деді Хорватия Президенті. Оның пікірінше, бұл ретте демократия, адами құндылықтар, адам бостандығына ешқандай зиян тимеуі керек. Мен өз кезегімде Ұйымға, сол Ұйымға мүше елдерге қатысты біздің саясатымыздың оң нәтиже беретініне үміт артамын. Біздің осы жиын барысында қабылдаған құ­жат­та­рымыз ЕҚЫҰ-дағы қызмет ету бағыттарымызды айқындай тү­се­ді деп сенемін. Біз бұған өз та­рапымыздан барынша үлес қосуға ты­рысып келеміз. Мен келешекте ЕҚЫҰ-ның бұдан да күшті әрі тиімді Ұйымға айналатынына сенім білдіргім келеді. Бұл, әсіресе, өзгермелі замандағы жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерді еңсеру үшін де қажет, деді И.Йосипович. Сөзінің қорытындысында, Хор­ва­тия басшысы 2011, 2012 және 2013 жылдары Ұйымға төрағалық ете­тін Литва, Ирландия және Украи­на елдері ЕҚЫҰ қызметін жан­дан­дыра түсуге үлес қосатынына сенім білдірді. Төрткүл дүние­нің назарын ау­дар­ған Астана Самми­тінің екінші күнгі сессиясында сөз ал­ған Босния және Гер­цеговина Президенті Не­бой­ша Рад­мано­ви­ч бүгінгідей ха­лық­аралық маңызды құрылтайда сөй­леу мүмкіндігіне қол жеткізіп отырғанына қуанышты екендігін айта келіп, 11 жыл үзілістен кейін қо­нақжай қазақ жерінде зор ұйым­дастырушылық арқасында өтіп жат­қан ЕҚЫҰ Саммитінің тарихи ма­ңызына тоқталды. Ақиқатында, бұл Саммит  қазірдің өзінде Ұйым шежіресіндегі аса маңызды оқиғаға айналғаны даусыз. Осыдан тура бір ай бұрын біздің елімізде соғыстан кейінгі алтыншы еркін сайлау оқиғасы болып өтті. Демократиялық талаптарға сай өт­кен бұл сайлауға ЕҚЫҰ бақы­лау­шылары жоғары баға берді. Балқан түбегін шарпыған сонау бір соғыс жылдарынан кейін біз осындай азат­тыққа қол жеткізіп, халқымыздың азат ерік-жігерін айқындайтын де­мо­кратиялық ашық сайлау шара­ларын өткіземіз деп ойлау да қиын болатын. Енді, міне, биылғы жылы біз азаттық алып, бейбіт келісімге қол жеткізгеніміздің 15 жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. Осы орайда, мен біздің елімізде демо­кра­тиялық құндылықтардың орнығуы­на, қарулы қақтығыстардан кейінгі елімізді қалпына келтіру шара­лары­на ЕҚЫҰ-ның  барынша ықпал етіп, зор көмек көрсеткенін ерекше риза­лық сезіммен атап өткім келеді, деді одан әрі өз сөзінде шешен. Бүгінде Балқан түбегінде НАТО-ның қарулы күштерінің айтарлық­тай шектелуіне қол жеткізілгеніне, Босния және Герцеговина  мемлекетінде ЕҚЫҰ-ның тұғырлы үш өл­шемі негізінде игі ықпалды жұмыс­тар атқарылып жатқанына тоқтал­ған шешен өз елінің  Ұйым шең­бе­рінде атқарылатын барлық шаралар­ды қолдайтындықтарын білдірді. Біз бүгін тұрақсыздықтар жиі бай­қалатын, дүниенің әр түкпірінен  қо­қан-лоқылар мен бой көрсетуші­лік­тер шығып тұратын құбылмалы әлем­де өмір сүріп отырмыз. Халық­аралық лаңкестік, жүгенсіз кеткен есірткі саудасы, адам құқығын аяққа басу, нәсілдік кемсітушіліктер, діни экстремизм оқиғалары әлемнің тұ­рақ­сыздығына әкеліп соғуда. Біз бұл шақыруларға бірлескен күш-жіге­рі­мізді қарсы қоя білуіміз керек. ЕҚЫҰ-ның барлық қызметі  еуро­атлан­тикалық кеңістікте тұрақты­лық­ты орнықтыруға бағытталған, он­ың ұстанған құндылықтары бар­лы­ғымыздың мүддемізден шығатын арналарға тоғыстырылған. Міне, сон­дықтан да ЕҚЫҰ құндылық­та­рына қолдау көрсету барлығымыз­дың басты мүддеміз деп санаймын, деп жалғастырды ол сөзін одан әрі. Сондай-ақ, шешен Босния және Герцеговина мемлекетінің бүгінде Бал­қандағы тұрақтылық белең ал­ған елдердің бірінен саналатынын және бұрынғы Югославия мемлекеті аумағында қол жеткізілген осы тұрақтылықтың бұзылмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын­дықтарын тілге тиек етті. Ол өз елі­нің Еуропа құрлығында жоғары сенім ахуалын орнықтыру жөніндегі бастамаларды барынша қолдайты­нын жеткізді. Ең алдымен, бү­­гінгі мәртебелі Сам­митті өткізуге баста­машы бол­ған Қа­зақ­стан Республи­касы­ның бас­­шысына жә­не тарихи халық­ара­лық жиынды қабыл­дап отырған дарқан қазақ еліне шынайы алғысымды жеткізуге рұқсат етіңіздер, деп бас­тады Саммиттегі сөзін Эстония Республикасының Үкімет басшысы Андрус Ансип. Екіншіден, ЕҚЫҰ-ның  келесі жылғы төрағалығы міндетін алатын Литва еліне сәттілік тілеймін. Біз «Корфу үдерісіне» белсенді қолдау көрсеттік. Енді Астана Саммитінің тарихи шешімдерін де жан-жақты қолдауға дайынбыз. Одан әрі шешен өңірлік жанжал­дардың алдын-алу, мұндай келіспеу­шіліктің бейбіт келісімдер жолымен ғана шешілуіне бірден-бір ықпал жасау ЕҚЫҰ-ның табиғатына жа­зыл­ған міндет екенін атап көрсетті. Болашақта да Ұйымның бұл үрдіс­терде алдыңғы шектен көрінуі тиіс екенін, сонымен бірге БАҚ бостан­дығы, әсіресе, мүше мемлекеттер ай­мағында сөз және баспасөз бос­тан­­дығын орнықтыру кезек күттір­мес міндет екенін жеткізді. Баспасөз бос­тандығы біздің еліміздің демо­кра­тиялық салада қол жеткізген ер­ен жетістіктеріміздің бірі. Ұзақ жыл­дар үстемдік құрған кешегі то­талитарлық империя қарамағында болған біздің еліміз үшін бұл баға жетпес құндылық, деді ол. Ұзаққа созылған өңірлік кикіл­жің­дерді шешу мәселесінде әлі де Ұйым тарапынан ықпалды шаралар жасалуы қажет екенін алға тартқан шешен, Қап тауы аймағында, Таулы Қарабақта орын алған оқиғалардан алдымен қарапайым халық зардап шеккенін, өңір халқының бұл ки­кілжіңдердің бейбіт жолмен әрі жыл­дамырақ шешілгенін қалайтын­дық­тарын атап көрсетті. Сонымен бірге, ол өз мемлекетінің 2008 жылы тамыз айында қол жеткізілген бейбіт келісімдерді қолдайтынын да жеткізді. Ол ЕҚЫҰ аумағынан тыс өңірлерде орын алған қару қол­да­нушылық оқиғалары туралы айта келіп, Ұйымның Ауған жерінде көп­тен күткен бейбітшіліктің орнығуы үшін тиімді іс-әрекеттер жасауы қажет екендігін еске салды. Шешен киберқауіпсіздік мәселесі туралы аз айтылмай келе жатқанын, бұл орайда бірнеше халықаралық басқо­сулардың да өткізілгенін айта келіп, енді нақты шаралар қабылдау кезеңі жеткенін атап көрсетті. Екі күнге созыл­ған осы бір ха­лық­аралық тарихи бас­қосуда талай-талай өзекті мәселелердің көтеріл­генін тілге ти­­ек ете келіп, Ис­лан­дия Корольдігі де­ле­гациясының бас­шы­­сы Стэфан  Скьялдарсон Орта­лық Азияда ЕҚЫҰ-ның алғашқы Сам­митін зор табыстармен өткізіп отыр­ған, осы мәртебелі халық­ара­лық ұй­ымға жыл бойы жемісті де нәтижелі басшылық жасап келе жат­қан Қа­зақстан төрағалығын шы­найы ықы­лас сезімімен атап көр­сетіп, үлкен алғысын жеткізді. Одан әрі шешен Ұйым шеңберінде жа­салған  келі­сімдердің де, қабылдан­ған міндет­темелердің де жеткілікті екенін ескерте келіп, олардың ық­палдылығы мен орындалу дәреже­сіне көңілі толмайтындығын атап көрсетті. Сон­дықтан алдағы уақыт­та мүше мемлекеттердің қабыл­да­ған міндет­те­мелерінің орында­луын қам­тама­сыз етуге күш салу қажет екенін алға тартты. Өңірлік кикілжіңдердің алдын алу мәселесінде Ұйымның әлі де тиімді шаралар кешенін ойласты­руы қажеттігі туралы айта келіп, ол Қап тауының етегінде және Днестр жағалауында орын алған оқиға­лар­дың салдарынан болған проблема­ларды шешуде түбегейлі бетбұрыс­тар жасайтын уақыт жеткенін тілге тиек етті. Адамдарға ықпалды кө­мек қолын созу үшін, орын алған оқиғаларға қатысты жан-жақты шы­найы ақпарат алып, мәселенің шешілуіне тиімді көмек көрсету үшін ЕҚЫҰ-ның  барлық тұрақсыз өңір­лердің аумағына, оқиғалар орын ал­ған мемлекеттердің шекара­ла­рына кіруге толық мүмкіндігі болуы шарт екендігін айта келіп шешен, Ұйымға мүше мемлекеттер 2011 жылы Вена құжатының жаңартыл­ған нұсқа­сына қол жеткізетіндігіне сенім білдірді. Ол еуроатлан­ти­калық кеңіс­тіктегі үш өлшем негізіндегі қауіп­сіздік пен тұрақтылық­тың тағдыры ЕҚЫҰ-ның беделі мен қызметінің тиімділігін, ал Ұйым болашағы оған мүше мемлекет­тер­дің арасын­дағ­­ы ынтымақтастық дә­режесіне бай­ланысты екендігін атап көрсетті. Кипр мемлекеті деле­гациясының бас­шысы Димитрис Христофиас ЕҚЫҰ тарихында Париж хар­тиясынан кейінгі маңызды тарихи құ­жаттың 11 жыл үзі­лістен кейін өткі­зі­ліп отырған Астана Саммитінің еншісіне тиіп отырғанын зор қана­ғат­танғандық сезіммен атап көрсетті. Біз осы мәртебелі ұйымның ықпал­ды қызметінің арқасында бәрімізге ортақ қауіпсіздік кеңістігін қалып­тас­тыру мақсатында ұзақ та нәтиже­лі жолдан жүріп өттік. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, деп жалғас­тырды шешен сөзін одан әрі, егер бұл ұйым болмаса осыдан 35 жыл бұрын жағдай қандай сценарий бой­ынша дамитын еді, біз дәл бүгін­гідей ортақ үйіміздің қауіпсіздігін алдағы болашақта нығайту жөнінде сөз қозғай алар ма едік. Ендігі мақсат, осы ықпалды да беделді Ұйым аясында өңірлерде орын ал­ған келеңсіз оқиғалардың зардап­тарын жою үшін, алдағы уақытта Ванкуверден Владивостокқа дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікте ешқандай кикілжіңдерге жол бермеу жолында күш біріктіруіміз қажет, деді ол. Шешен өзінің сөзінде Кипр мем­лекетінің «Корфу үдерісін», соң­ғы уақытта НАТО мен Ресей бас­шыларының кездесуінде қол жеткізілген оң шешімдерді барынша қол­дайтынын білдірді. Сондай-ақ ол өз сөзінде Ұйым тарапынан Қара теңіз бассейніндегі мемлекеттер арасын­да соңғы кезде қалыптасқан түсі­ніс­пеушіліктерді оң шешуге қол жет­кізу үшін ЕҚЫҰ әлеуетін кеңі­нен пайдалану қажет екенін тілге тиек етті. Біз әрқашан адамзаттың мүд­делерімен өзектес келетін ЕҚЫҰ үде­рістеріне адалдығы­мыз­дан ауыт­қы­маймыз, деп қорытты сөзін шешен. Болашақтың қау­іпсіздік архи­текту­ра­сы алдағы бірнеше ғасырлардың үрдісін қамтуы қажет. Бүгін­гідей тарихи басқо­сулардың нәтиже­сін­де біз ХХІ ғасырда ортақ кеңістігімізде қауіпсіздік нормаларын орнық­ты­руға қол жеткізудің алғышарттарын жасаймыз. Ендеше, Астана Сам­ми­тінің бүкіл бір дәуірдің тұрақты­лығын қамтамасыз етуге бастау болар ұлы бастамалардың орталығына айналатынына үміт артқым келеді, деді өз сөзінде Португалия Сыртқы істер министрі Луис Амода. Одан әрі шешен НАТО мен Ресей мемлекеті арасында қол жеткізілген оң шешімдердің кеңіс­ті­гімізде қауіпсіздік ахуалын нығый­туға игі ықпал ететіндігін, Ұйымға мүше-мемлекеттер қабылдаған мін­дет­тердің тиімді орындалуының ма­ңыздылығын, Вена құжатын жаң­ғыр­тудың ілгерішілдігін тілге тиек етті. Егер біз ЕҚЫҰ ық­па­лындағы кеңістікте тұрақты да сенімді  қауіпсіздік ахуалын қалыптас­тыруды мақсат ететін болсақ, бұл құжаттардың заман ағымына сай жаңғыртылуы жөнінде ортақ шешімге келуіміз керек. Бұл барлық мемлекеттер халықтарының мүдде­сімен сәйкес келеді, деді одан әрі Луис Амода. Барлық жерде бірдей адам құқығы құндылықтарына ба­сымдық берілсе, біз тұрақтылық пен бейбіт өмірге кенелеміз.  ЕҚЫҰ бас­­та­масымен осыдан 35 жыл бұ­рын өмірге келіп, адамзат дамуы үшін өлшеусіз үлес қосқан құнды­лық­тарды біз ХХІ ғасырда да