Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қазақстандық жазушы Иван Щеголихиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Бұл барша қазақстандықтар үшін, жеке мен үшін ауыр қаза. Тамаша адам, дарынды тұлға өмірден өтті. Жазушы және Азамат. Бұл сөздер ең жоғары мәнге ие. Иван Павлович бізге өзінің әдеби мұрасын, қазақ әдебиеті классиктерінің кәсіби аудармаларын қалдырды. Иван Павлович Щеголихиннің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады», делінген Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта.