2010 жылғы 2 маусым, Астана қаласы
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. Ұсынылып отырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә.Токсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. КҮРІШБАЕВ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусым №367 бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын (бұдан әрі – деректер базасы) қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді.
2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бөлігі;
2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі мағлұматтарды жинақтау, біріктіру және орталықтандырылған сақтау;
3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
4) уәкілетті органның, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
5) ветеринариялық бөлімше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері.
3. Деректер базасынның жұмыс істеуі «Е-Agriculture» Агроөнеркәсіп кешені салаларының бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі аясында жүзеге асырылады.
4. Деректер базасы арналған:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бірыңғай принциптерін қамтамасыз ету және оларды мемлекеттік есепке алу үшін;
2) жануарлардың республика ішінде орнын ауыстыру, және оларды экспорттағанда және импорттағанда бірыңғай автоматтандырылған бақылау жүйесін құру үшін;
3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық алдын алу шараларының нақтылығын қамтамасыз ету үшін;
4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық күйін, сапасы мен шыққан жерін бақылауды нығайту үшін;
5) жануарлар туралы мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін;
6) мал шаруашылығы өнімдерінің нарығын басқару және болжау үшін, жануарлар саны туралы ақпаратты алу: мал басы, жынысы, жасы, тек тәнділігі және орналасқан мекені;
7) мал шаруашылығында селекциялық бағдарламалар және технологиялық жүйесін жетілдіру жүйесін оңтайландыру үшін.
5. Деректер базасы электронды түрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізу рұқсат етілмеген іс-қимылдар мүмкіндігін қақпайлауды қамтамасыз ететін жағдайда іске асырылады.
6. Деректер базасына ену мүмкіндігі уәкілетті органның келісуімен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру заңнамасымен белгіленген тәртіпте беріледі.
7. Уәкілетті орган:
1) деректер базасын өз жұмысында, жинақтауды, деректерді талдау, оларды сақтауды қосқанда, қолданады;
2) деректер базасының бағдарламалық құралдарын жетілдіреді;
3) деректер базасын жүргізудің ұйымдастыру және әдістемелік принциптерін әзірлейді және жетілдіреді.
8. Уәкілеттік органның, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын ведомствосы деректер базасын жануарлардың орнын ауыстыру, жануарлар иелерінің бірдейлендіру нөмірлерін берілуін және қолданылуын, деректер базасының мағлұматының толықтығын және нақтылығын қадағалау мақсатында қолданады.
2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі
9. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жануарлар иесі жөнінде және бірдейлендірілген жануарлар туралы мағлұматтарды, және де оларға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады.
10. Деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге мыналар енгізіледі:
1) жануарлар иесі жөнінде мағлұматтар енгізу:
шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН);
жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН);
2) бірдейлендірген жануарлар жөнінде мағлұматтар енгізу:
жануарлардың бірдейлендіру нөмірі, тектік және желілік тәнділігі;
аты (болған жағдайда);
жынысы;
шығу тегі туралы мағлұмат;
туу туралы деректер;
қырылу (өлім-жітім) туралы деректер: қырылу (өлім-жітім) анықталған фактісінің күні, қырылудың (өлім-жітімнің) себебі;
сойылуы, сатылуы, алынып жойылуы, жоғалуы туралы деректер: сойылған, сатылған, алынып жойылған күні, сойған немесе жойған кәсіпорыннын аталуы (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН), тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН, сатылғанда – елді мекеннің аталуы;
3) жануарлардың орнын ауыстыру жөнінде мағлұматтарды енгізу:
орнын ауыстырудың күні мен себебі;
кеткен және/немесе жіберілген және келген жануар иесі туралы деректер, шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің аталуы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғананың тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, БСН; жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), ЖСН, жануарларды импортағанда немесе экспортағанда елдің (әкімшілік аумақтың) аты;
4) жануарлардың денсаулығы, ветеринариялық алдын алу, емдеу шараларының және диагностикалық зерттеулер туралы мағлұматты енгізу;
5) деректер базасындағы мағлұматтарды жаңарту (ветеринариялық шаралар, жануарлардың туылуы, қолдану, иемдену құқығын беру, сатып алу, сату және ұрлану, сою немесе қырылу процестерінде жүзеге асырылады).
11. Ветеринариялық бөлімшелердің ветеринариялық дәрігерлері деректер базасы жаңартылған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
12. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлері ведомостың негізінде, осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды деректер базасына енгізеді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардының бөлімшесіне жіберілуін жүзеге асырады.
13. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринариялық бөлімшесінің ветеринариялық дәрігерлері ведомостың негізінде, осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген мағлұматтарды енгізеді және ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады.
14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринариялық бөлімшенің ветеринариялық дәрігері енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымалдаушыға түсіреді және мәліметті жоғары тұрған органға жіберілуін қамтамасыз етеді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 шілде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6321 болып енгізілді.