• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасының Заңы № 366-IV

552 рет
көрсетілді

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жыл­ғы 7 наурыздағы Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының Заңына (Қазақстан Респуб­ли­касы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат) мынадай өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізілсін: 1) 6-бап мынадай мазмұндағы 27-1) тар­мақшамен толықтырылсын: «27-1) Қазақстан Республикасының Пре­зиденті айқындайтын тәртіппен Қа­зақ­стан Республикасының дипломаттық және қыз­меттік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;»; 2) 9-баптың 2-тармағында: төртінші бөлік мынадай редакцияда жа­зылсын: «Сыртқы істер министрлігінде басқа лауазымдарға тағайындауды және дипло­ма­тиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі не жауапты хатшы немесе Қазақстан Рес­публикасының Президенті айқындайтын жа­уапты хатшының өкілеттігін жүзеге асы­ратын өзге де лауазымды адам жүргізеді.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлік­пен толықтырылсын: «Шет елдердегі мекемелерде басқа ла­уа­­зымдарға тағайындауды және дипло­ма­тиялық қызметтен босатуды Қазақстан Республи­ка­сы­ның Сыртқы істер министрі жүргізеді.»; 3) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төтенше және өкілетті елшінің, І және ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкілдің дипломаттық дәрежелерін Қазақ­стан Республикасы Сыртқы істер минис­трінің ұсынуы бойынша Қазақстан Рес­публикасының Президенті береді. Жоғарыда санамаланған дипломаттық дәрежелерді беруге ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының сыртқы саяса­тын іске асыруға қатысуының тиімділігін және Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің сыртқы саяси бастамаларын іске асыруға қа­тысуының тиімділігін ескере отырып енгізеді. Төтенше және өкілетті елші дипло­маттық дәрежесі Қазақстан Республика­сы­ның Төтенше және өкілетті елшісі, Қа­зақ­стан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі лауазы­мында кемінде екі жыл дипломатиялық қыз­мет өтілі бар дипломатиялық қызмет­тің қызметкерлеріне берілуі мүмкін. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесі Қазақстан Рес­публикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтен­ше және өкілетті елшісі, Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның халықаралық ұйым жа­нын­дағы Тұрақ­ты өкілі, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Қа­зақ­стан Республи­касы Сыртқы істер минис­трінің орынба­сары лауазымдарын атқа­ратын диплома­тиялық қызметтің қыз­мет­керлеріне берілуі мүмкін. ІІ сыныпты Төтенше және өкілетті уәкіл дипломаттық дәрежесі Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасынан, ерек­ше тапсырмалар жөніндегі елшіден, де­партамент директорынан, Қазақстан Рес­публикасының сенімді өкілінен, Қа­зақстан Республикасының бас консулы­нан төмен емес лауазымды атқаратын дип­ло­матиялық қызметтің қызметкер­леріне берілуі мүмкін. Басқа дипломаттық дәрежелерді Қа­зақ­стан Республикасының Сыртқы істер министрі береді. Дипломаттық дәрежелерді беру тәр­тібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.»; 4) 19-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Төтенше және өкілетті елші дип­ломаттық дәрежесі бар дипломатия­лық қызмет қызметкерлерінің және олар­дың жұбайларының Қазақстан Республи­касының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.»; 5) 25-баптың 5-тармағындағы «бас­тауыш» деген сөз «мектепке дейінгі тәр­бие беру және оқыту, бастауыш,» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 26-мынадай редакцияда жазылсын: «26-бап. Жерлеу шығыстарын өтеу 1. Шетелде қайтыс болған (қаза тап­қан) дипломатиялық қызметтің қыз­мет­ке­рін немесе жұмыскерін жерлеу үшін оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауа­зымы бо­йынша үш орташа жалақысы мөл­ше­рінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Шетелде қайтыс болған (қаза тапқан) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе жұмыскерінің отбасы мүшесін жерлеу үшін дипломатиялық қызметтің қыз­мет­керіне немесе жұмыскеріне оның Сырт­қы істер министрлігінде атқарған соңғы ла­уазымы бойынша үш орташа жалақысы мөлшерінде біржолғы жәрдем­ақы төленеді. 2. Шетелде қайтыс болған (қаза тап­қан) дипломатиялық қызмет қызметке­рінің немесе жұмыскерінің не отбасы мү­шесінің мәйітін Қазақстан Республика­сына оның тұрақты тұратын жеріне немесе қайтыс болған (қаза тапқан) диплома­тиялық қызмет қызметкерінің немесе жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызметтің қызметкерімен немесе жұмыскерімен келісім бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»; 7) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын: «32-1-бап. Қазақстан Республика­сынан халықаралық ұйымдарға жұ­мысқа жіберілген, бұрын диплома­тия­лық қызмет  персоналы лауазымында болған ла­уазымды адамдарды қамта­масыз ету 1. Қазақстан Республикасынан халық­аралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабы 2, 3, 5, 7-12-тар­мақтарының, 29-бабының өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын төлеу бөлігінде көзделген ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына теңестіріледі. 2. Егер Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет пер­соналы лауазымында болған лауазым­ды адамдардың халықаралық ұйымда ақшалай қаражатпен, әлеуметтік, зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз етілуі тиісті шет мемлекеттегі мекеме­лердің персоналына қарағанда аз болса, теңестірілген лауазым бойынша айырма Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 3. Қазақстан Республикасынан халық­аралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдар­ды тиісті шет мемлекеттегі мекемелердің персоналына теңестіру Қазақстан Респуб­ликасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.». 2-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаң­тардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының Президенті     Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 27-сі. № 366-IV ҚРЗ