• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2016

Жапонияда 2015 жылы 2 миллион адамның жеке мәліметтері ұрланған

237 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 қаңтар. Жапонияда 2015 жылы кибер шабуылдардың салдарынан 2,07 миллион адамның жеке мәліметтері ұрланған. Бұл туралы Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Хакерлердің әрекетінен 140-қа жуық мекеме зардап шекті. Олардың басым көпшілігі полиция қызметкерлерінен арнайы хабарлама келгеннен кейін барып мәліметтердің ұрланғанын білген. Ел билігінің айтуынша, қолға түскен ақпараттардың бұл көрсеткіштен артып кетуі де ғажап емес. Қолды болғандардың қатарында несие картаның, мекен-жай және туған күндердің деректері бар. Өткен жылы ең ірі кибер шабуылдардың бірі Жапонияның зейнетақы қорына жасалды. Салдарынан 1,25 миллион жергілікті халықтың зейнетақы шоты ұрланды. Полиция қызметкерлері 8 ірі мемлекеттік мекеменің кибер шабуылдарға тап болғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Токионың сауда-өнеркәсіптік палатасы, Хиросиманың халықаралық орталығы, Жапонияның мұнай компаниялар қауымдастығы бар. Мамандар аталғандардың бәріне бір ғана топтың шабуыл жасағаны жөнінде болжам жасады. Өткен жылы Жапония билігі кибер қылмысқа қарсы тұрудың жаңа бір шешімін ойлап тапты. Жаңа жоспарға байланысты мемлекетке пайдасы бар барлық мағлұматтарды ғаламтор арқылы ұрлай алмайтындай етіп «офлайн» қояды. Күншығыс елі бұл мәселеде өзге мемлекеттермен бірігіп қызмет етуді мақсат етті. Аян Әбдуәли. Сурет: ТАСС. Дерек: interfax.ru.