• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2016

Эгей теңізінен 27 мигранттың мүрдесі табылды

489 рет
көрсетілді

АСТАНА. 6 қаңтар. Түркиядағы Эгей теңізінің жағалауынан 27 мигранттың өлі денесі табылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Алдын ала белгілі болғандай, аталған босқындар Грекияның Лесбос аралына Эгей теңізі арқылы жетпек болған. Жергілікті полицейлер қаза болған мигранттардың арасында 3 жеткіншек бар болғанын айтып отыр. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары марқұмдар теңіздің екі түрлі аумағынан табылды деді. Айта кетейік, Эгейден тағы 12 келімсек құтқарылды. Қазір теңіз бетінде және әуе арқылы өзге де мигранттарды іздеу жұмысы жүріп жатыр. Жалпы, қазіргі таңда Түркияда 2 миллионнан астам сириялық тұрады. Оларды орналастыру мен тамақтандыруға 8,5 миллиард доллар жұмсалған. Босқындардың барлығы заңсыз жағдайда жұмыс істейді, ал балаларының көбі мектепке мүлде бармайды. Талғат Райымбек. Дерек: 24.kz. Сурет: egemen.kz.