• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2016

Рождество мерекесімен құттықтады

200 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еліміздің православие христиандарын және барша қазақстандықтарды Рождество мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Бұл мереке адамдардың бойы­на сенімнің, үміттің және сүйіс­­пен­­ші­ліктің сәулесін дарытып, дәс­­түр­лі рухани-адамгершілік құн­­­ды­лық­тардың айналасына бірік­­тіруде. Рождество діндарлардың жү­рек­­терін ерекше қуанышқа, бақыт­­­қа және таза пейілге кенел­теді. Бұл өзара түсіністік пен мейі­рім­­ділік­тің, жақын жандарға қамқор­­­лық­­тың және көмекке зәру адам­дарға ­шынайы көңіл бөлудің уақыты. Барлық конфессиялар өкіл­дерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. Жарқын Рождество ме­рекесінде шын жүрегімнен бар­шаңызға зор денсаулық, ба­қыт, молшылық және игілік тілеймін, делінген Елбасының құттықтауында.