Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің православие азаматтары мен барша қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтайды!
Осы мереке күндері біздің рухани қасиеттеріміз және гуманизмнің салтанат құруы мен жарқын болашаққа жетуімізге байланысты ниеттеріміз барынша айқын көрініс табады.
Рождество мейірімділік пен жақсылықты, сүйіспеншілік пен жанашырлықты насихаттауына байланысты халқымыздың рухани өмірі мен дәстүрінің ажырағысыз бөлігіне айналды. Бұл құндылықтар Қазақстанның барша азаматтарының басын біріктіріп, қалыптасқан достық пен өзара құрмет дәстүрлері біздің мақтанышымыз бен байлығымыз болып отыр.
Біздің Тәуелсіздігіміз бен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты біздің еліміз – Қазақстан Республикасындағы барша конфессиялар мен этностық топтар арасында татулық пен келісімнің сақталуына игі ықпал етеді.
Қымбатты қазақстандықтар! Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол табыс, мықты рух пен береке-бірлік тілейміз. Мереке әрбір үйге, әр отбасына шуағын шашып, қуаныш пен игілік әкелсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі.