Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты түсіндірмесі
Қазақстан Таяу Шығыстағы болып жатқан үдерістерді жіті назарда ұстап және алаңдаушылықпен бақылауда.
Әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төнген кезде және терроризмге қарсы жаһандық күресті ұлғайту қажеттігі жағдайында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасының арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне алаңдаушылық білдіреді.
Біз осы өңірдегі бізге достық қатынастағы бауырлас мемлекеттер – Сауд Арабиясы және Иранның басшылығын, сондай-ақ, басқа да мемлекеттерді конфессияаралық шиеленістің әрі қарай өршіп кетпеуі үшін, келісімді қамтамасыз ету мен дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіру үшін саяси үнқатысу орнатуға және елдер арасында келіссөздер жүргізуге шақырамыз. Біз барлық тартылған тараптарды қауіпті деңгейден өтпеуге үндейміз.
Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге шабуыл жасауға жол берілмеуі тиіс, ал аккредиттеу елдері, Вена конвенциясына сәйкес, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Осыған орай, Қазақстан қалыптасқан ахуалды шешудің бір ғана дұрыс жолы ретінде саяси шешім мен үнқатысуды жақтайды.