• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2016

Бір ғана дұрыс жол бар. Ол – мәміле

273 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты түсіндірмесі Қазақстан Таяу Шығыстағы болып жатқан үдерістерді жіті назарда ұстап және алаңдаушылықпен бақылауда. Әлемдік қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақты­­­лыққа қатер төнген кезде және терроризмге қарсы жаһандық күресті ұлғайту қажеттігі жағдайында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасының арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісе түсуіне алаңдаушылық білдіреді. Біз осы өңірдегі бізге достық қатынастағы бауырлас мемлекеттер – Сауд Арабиясы және Иран­ның басшылығын, сондай-ақ, басқа да мемлекеттерді конфес­сияаралық шиеленістің әрі қарай өршіп кетпеуі үшін, келі­сімді қамтамасыз ету мен дипло­матиялық қатынастарды қайта қал­пына келтіру үшін саяси үнқатысу орнатуға және елдер арасында келіссөздер жүргізуге шақырамыз. Біз барлық тартыл­ған тараптарды қауіпті деңгейден өтпеуге үндейміз. Шетелдік дипломатиялық өкіл­­діктерге шабуыл жасауға жол берілмеуі тиіс, ал аккредиттеу елдері, Вена конвенциясына сәйкес, олардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге міндетті. Осыған орай, Қазақстан қалып­тасқан ахуалды шешудің бір ғана дұрыс жолы ретінде саяси шешім мен үнқатысуды жақтайды.