• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2016

Болашақтың бағдары

251 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бас­тайтын жол» саяси мақаласын бізді ізгі мұраттарға бастар бағдарлама деп қараған жөн. Елбасы жаңа қазақстандық арманның мақсатымен бірге нақты жүзеге асырылу жолдарын айқындап берді. Ғасыр соңына таман әлемдегі ең дамы­ған 30 елдің қатарына енуді жоспарлаған еліміз үшін маңызды жолсілтегіш, бағдарламалық бастама – бес институттық реформаны, 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын жүзеге асыру екені белгілі. Ал бұл Жоспар еліміздегі барлық жаңғыртуларға, жаңаруларға серпін бемек. Бұл туралы Елбасы «Қаза­станды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады» деп атап көрсетіп, аталған жоспарды жүзеге асыру арқылы біздің еліміздің «серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек» болатындығын айтты. Қазақстан халқына керегі де осы, яғни өз мемлекетінің тәуелсіздігі, қуаттылығы мен тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен берекелі, дәу­летті, сәулетті тұрмысы. Ұлт Жоспарын лайықты жүзеге асырып, діттеген межеге бірге жете алсақ, біз және біздің ертеңгі ұрпағымыз біз ойлаған, біз армандаған болашақтың табалдырығынан аттаймыз деп үміт етеміз. Елбасы қол қойған 60-қа тарта заңның әрқайсысы Қазақстанның құқықтық-тәртіптік, кәсібилік тұрғыда жетілуін, бұрын олқы кеткен тұстарды қайта қарап, дұрысталуын заңнамалық тұрғыда жан-жақты қамтамасыз ете алатын заңдар болмақ. Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы бас­ты міндет – міндетті меди­цина­лық сақтандыруды енгізу екен­дігін айтқан Елбасы меди­циналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатынын айта келе, денсаулық сақтау меке­мелерінде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылғанын, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға әлеу­меттік көмек көрсету жүйе­сін оңтайландыру жоспарлау қажеттігін жеткізді. Аталған көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50% төмен отбасыларына көрсетіледі және көмек көрсетілген тұрғындардың жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейім­де­­­лу бағдарламаларына мін­детті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітілмек. Сондай-ақ, «Халыққа қыз­­мет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» рес­публикалық мемлекеттік кәсіпорындары корпорацияға біріктіру арқылы азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ортақ провайдеріне жүгіну мүмкіндігін алады. Ал бұл өзгерістер қажетсіз әкімшілік кедергілерді жояды, сұрау салынатын құжаттар тізімін қысқартады, бір сөзбен айтқанда, бұл қызметтегі жұмыстардың мөлдірлігін, қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мақаланы оқи отырып, мем­лекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар мен жаңа ережелерге тәнті болдым. Мемлекеттік қызметшінің бастапқы баспалдақтардан бас­тап мансаптық жетілуін, еткен еңбегінің нәтижесіне қарай жалақы төленуін, этикалық нормалардан ауытқымауын қадағалау мәселелері көңілге қонымды. Қазіргі таңда беделді қызметке әлдеқалай келіп қалып, ештеңенің мәнісін білмей отыратын жас қызметкерлер де жоқ емес. Ол өз жұмысын жүргізе алмай бір сүрінсе, мемлекеттік қызметтің атына кір келтіріп, екі сүрінеді. Сондықтан, бұл өте орынды бағыт дер едім. Қазақстан халқын Елбасы ұсынған бағдарламаны қолдап, жүзеге асыруға атсалысуға ша­қы­рамын, өйткені, бұл – біздің болашағымыз. Ақмарал ЗЕЙІЛОВА, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры. АҚТАУ.