ҚАРАҒАНДЫ. 7 қаңтар. Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының басшылығы мен футболшылары демалыстан кейін алғаш рет бас қосып, жиналыс өткізді. Бұл туралы клуб баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Шахтер» биылғы жылғы өзінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын Сәтбаев қаласында өткізбекші. Бұл жиынға 2015 жылы команда құрамында өнер көрсеткен футболшылар және де Теміртаудың «Болат АМТ» командасының қақпашысы Александр Рушинас, алаңдағы ойыншылар Евгений Азаматов, Айдос Тәттібаев, сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлерінің командаларында ойнаған Мақсат Байжанов («Атырау»), Тоқтар Жаңғылышбай, Игорь Пикалкин (екеуі де «Астанадан»), Ильнур Мангуткин («Оқжетпес»), Евгений Горячий («Жетісу») сынды аяқдоп шеберлері қатысады.
Еске салар болсақ, «Шахтердің» бас жаттықтырушысы әлі тағайындалған жоқ.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: egemen.kz.