• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2016

Қытайда алып мұз қалашығы ашылды

479 рет
көрсетілді

АСТАНА. 7 қаңтар. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харвин қаласында әлемдегі ең үлкен мұз қалашық ашылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Бұл келушілер көңілін көтеретін мұз қалашық осымен 32-рет пайдалануға беріліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы өнер туындыларын тамашалау үшін қазірдің өзінде 100 мың саяхатшы келіпті. Ал мүсіндерді жасау үшін 300 мың текше метр материал жұмсаған. Соның арқасында түрлі түске боялған ғажайып сарай әлемдегі ең алып мұз қала ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Келушілер санын одан әрі арттыру үшін мұнда күніне 100-ден астам көңілді іс-шара ұйымдастырылады. Солардың арасында қысқы балық аулау мен сән үлгілерінің күні және неке қию салтанаттары да өткізіледі. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.