• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2016

Чехияның премьері тағы да хакерлердің құрбанына айналды

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 қаңтар. Чехияның премьер-министрі Богуслав Соботканың электронды поштасына шабуыл жасалды. Хакерлер ондаған хаттарды қолды етті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Негізінен биліктің көші-қон мәселесі жөнінде берген хабарламалары ұрланған. Артынша, бұл ақпараттар шетелдік сайттардың бірінде жарияланғаны мәлім болды», – деп хабарлайды Чехия радиосы. Ұрланған мәліметтердің ішінде ипотекалық несиені төлегені, партиядағы және үкіметтегі әріптестерімен келіссөздері, көші-қон дағдарысы, министрлер құзыретіне қарасты экономикалық мәселелер мен кадрлық сұрақтар жайлы ақпараттар бар. Оқиға барысын жергілікті полиция қызметкерлері тексеру үстінде. Богуслав Соботканың өзі бұл жағдайға сұхбат беруден бас тартты. Айта кетейік, Чехия премьер-министрі соңғы бір ай ішінде осымен екінші мәрте хакерлердің құрбанына айналды. Желтоқсан айында Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына шабуыл жасалып, орынсыз жазбалар жарық көрді. Олар премьер-министрдің атынан неоұлтшылдыққа оң көзқараста екендігі, елін сатып кеткен босқындарға қарсы күресу керектігі, ел президентіне тіл тигізгені жөнінде бірнеше хабарламалар таратқан. «Белгісіз біреулердің мұндай әрекетке барғаны үшін үстерінен қылмыстық іс қозғалады. Әлеуметтік желіде шыққан жазбалар Богуслов Соботканың алға қойған саясатымен және көзқарасымен мүлдем сәйкес келмейді», – дейді министрлер үйінің баспасөз хатшысы Мартин Айер. Ал бұл ретте үкімет басшысы: «Менің жеке парақшама неоұлтшылдар шабуыл жасаған болса, өз ісімді ойдағыдай атқарып жүргенімнің айқын дәлелі», – деді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: 112.ua.