• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2016

Ресей Асадтың кету кестесі туралы ақпарға жауап қайтарды

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 қаңтар. Австрияның астанасы – Вена қаласында өткен Сирияны қолдау халықаралық тобы шеңберінде Башар Асадтың президент орынтағынан кетуі турасында мәселеге келісім болған жоқ және оның болуы да мүмкін емес еді. Мұны Ресей президентінің Таяу Шығыс пен Африка елдері жөніндегі арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов жеткізді. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Дипломаттың айтуынша, Құрама Штаттар, бәлкім, «әлдеқандай бір жоспарды құрған шығар», бірақ Мәскеу өзінің бұдан бұрын мәлім еткен «Сирияның келешегін, оның басшылығын Сирия халқының өзі шешеді» деген принципті позициясынан айнымақ емес. «Бұл Вена келісімінде жазылған», - деп атап көрсетті министрдің орынбасары. Араб Республикасында билік ауысымын кезең-кезеңімен жасау жөнінде жоспар бар екенін 6 қаңтар күні Associated Press агенттігі хабарлаған еді. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін сондай жоспардың бар екенін АҚШ мемлекеттік департаментінің аранйы өкілі Джон Кирби растады. Құжатқа сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында президент Асадтың отставкаға кететіні көзделген көрінеді. Талдамады жазбаға сәйкес, сол жылғы ақпанда Сириядағы саяси биліктің ауысуы басталады да 18 айға дейін созылады. АҚШ-тың болжамынша, Асад өкілдері мен оппозиция арасындағы келіссөздің нәтижесінде сәуірде қауіпсіздік комитеті құрылады. Мамырда парламент таратылады. Бұдан әрі уақытша заң шығарушы орган құрылады, сондай-ақ елді қалпына келтіруді қаржыландыруға қатысатын халықаралық донорлар конференциясын өткізу жоспарланған. Ал 2016 жылғы қарашаға дейін жаңа конституцияның жобасы дайындалады. Сирия халқы оған 2017 жылғы қаңтарда өтетін референдумда өз ойын білдіре алады. Тек осыдан кейін ғана Асад өзінің ең жақын нөкерлерімен бірге биліктен кетеді. Американың ойынша, жаңа үкімет тамызда өтетін парламент және президент сайлауында барлық уәкілеттіктерді өз қолына алады. Associated Press Сирия мемлекеті басшылығын сыртқы күштердің әсерімен ауыстыруға қарсылық танытып, шешімді ел халқының өзі шешуі тиіс деп санап отырған Ресей мен Иранның бұл жомпарды қолдамайтындарын атап өтті. Сонымен қатар, Асадтың тезірек биоік басынан кетуін қалап отырған Араб Республикасының оппозициясы, сондай-ақ АҚШ-тың Сауд Арабиясы, Катар және Түркия секілді одақтастарының америкалықтар жасаған бұл кестені сатқындық деп бағалауы да мүмкін. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Интерфакс.