• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Жоғалған қойдың жүні – 21 кило

372 рет
көрсетілді

Австралияда бұдан алты жыл бұрын жоғалып кеткен Шейла деген лақап аты бар қошқардың үстінен қырқылған жүннің салмағы 20 килодан асып түсті. Қаңғыбас қошқар күтпеген жерден Тасмания аралындағы Хобарт қаласы маңындағы орманнан табылған. Оны жергілікті тұрғын Питер Джонс жол жиегінен көрген бойда тоқтап, көлігіне салып алған. Ол жүнінің қалыңдығы мен ауырлығынан орнынан тұра алмай қалған жануарды осылайша аман алып қалыпты. «Ол маған қарап ишара жасады. Мен оның тірі екенін содан білдім. Сосын орнынан өз аяғымен тұрғызуға әрекет жасадым», дейді П.Джонс. Үйге әкеліп қырыққанда, Шейланың үстінен 21 килодан артық жүн алынған. Алайда, мұның өзі Австралияның бұл жөніндегі рекордына өзгеріс енгізе алмапты. Мұнда өткен жылы Крис деген еркек қой­дан 40 килодан астам жүн қыр­қылыпты. Бұдан бөлек, бұл құрлықта тағы бір қойдан 25 кило жүн алынған екен. Мұрат АЙТҚОЖА.