• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Жазушыға құрмет көрсетті

411 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы Дұниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академиясы атағын иеленді. Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің Білім және мәдениетке жауап­ты бас көмекшісі Баясгах Эрхэмбаяр салтанатты рәсім барысында жазушыға осы атақтың берілгенін хабарлап, аталған академияның төсбелгісі мен Шыңғыс хан атындағы «Алтын жұлдыз» орденін табыстады. Жәди Шәкенұлы – «Ақ­бота», «Балқаймақ», «Қы­тайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жал­ғыздың үні», «Ақ­балапан», «Жәнібек батыр», «Арманшыл бала» ең­бек­терінің авторы. Жазу­шы­ның «Ақбота» атты еңбегі Қытайда, ал «Ақбалапан» кі­табы Түркияда жарық көріп, өзге елдердің оқырмандары тарапынан да оң бағасын алған. Оның бірқатар шы­ғармалары оқулықтарға енсе, «Түркі-моңғол империясы және оның қазақ хандарын қалыптастыруының негізі», «Шыңғысхан әулеті және хан тұқымынан төре қою», «Шығыс Түркістан мәселелері», «Оспан батыр» сынды тарихи тақырыпта жазған ғылыми мақалалары әртүрлі басылымдарда жа­рияланған. Сондай-ақ, Ж.Шә­кенұлының құрас­тыруымен 20-дан астам кітап жарық көрген. 2015 жылы «Тәуелсіздік тағылымы», «Арманшыл ба­ла» еңбектері үшін Ха­лық­аралық кітап жәр­мең­ке­сінде арнайы марапатқа ие болған жазушы бүгінде Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінде директор болып қызмет атқарады. Бұған дейін Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі атағы еліміз бойынша 5-6 адамға ғана берілген екен. Ал Ақмола облысы бойынша бұл мәртебені алғаш рет мектеп директоры иеленіп отыр. Әділ АЙТҚАН.