• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Дастарқаннан дәм кетпесін!

582 рет
көрсетілді

«Ас адамның – арқауы» деген. Жаңа жылдың алдында жұрттың ықыласы азық-түлік түрлеріне ерекше ауатыны белгілі. Жаңажылдық дастарқан бағасы қолжетімді әрі сапалы дәмнен қайысып тұрса – мұндай мерекелік отырыстан айналып кетпейсіз бе?! Қарағанды облысының әкімі Нұр­мұхамбет Әбдібеков Ермеков көшесі бойындағы «Южный» супермаркетіне арнайы барып, сөрелердегі азық-түлік өнімдерінің түрлерімен танысты. Өңір басшысын бұл жерде алуан түрлі тағамдардың   бағалары қызықтырды. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінде «Қазақстанда жасалған» акциясы бас­тау алғаны белгілі. Жалпы, Қазақстанда өндірілген тауарларды тұтынушыға делдалдардың араласуынсыз жеткізу – аталған акцияның басты мақсаты, – деді облыс әкімі. Қазіргі таңда Қарағанды облысында ет, жеміс-көкөніс, сүт және тәтті тағамдар өнімдерінің 40-тан аса аталымы шығарылады. Бүгінгі күннің өзінде қаланың барлық супермаркеттеріндегі жалпы сауда алаңының 40-тан аса пайызын сапа жағынан осы тектес шетелдік тауарлардан бір мысқал кем түспейтін қазақ­стандық өнімдер алып отыр. Биылғы 2016 жылы сауда орындарындағы қазақ­стандық мазмұндағы өнім деңгейін 50 пайызға дейін жеткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек, жақын арада Президент тапсырмасы бойынша «Ұлы Дала өнімдері» ұлттық брэнді құрылады. Бұл сапа белгісімен таңбаланған өнімдердің барлығы Қазақстанда шығарылуымен ерекше маңызға ие болмақ. Сонымен қатар, бұл тауарлардың сапасына да ерекше мән берілмекші. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.