• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Жаңа оқу жылы басталды

333 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды. Бұл оқу жылы жауынгерлік сайыстың «Мәңгілік Ел» тұғыры – Қуатты Армия!» атты ұранымен өтеді. Биылғы жылы қазақстандық армияның негізгі күш-жігері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде же­ке құрамның машығын, іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыру, басқару жү­йе­сін жетілдіру және әскери қыз­метшілердің дене даярлығын шыңдауға бағытталады. Сонымен қатар, әрі қарай жау­ынгерлік даярлықты ұйым­дастыру, әскерлерді басқару және әскерлерді материалдық-тех­никалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру жақсаратын болады. Осы жылы жауынгерлік даяр­лықты жетілдіру шеңбе­рін­де қазақстандық әскери қыз­метшілердің қатысуымен бірқатар халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстарды өткізу жоспарлануда. Құрлық әскерлерінде негізгі күш-жігер қазіргі заманғы қақ­тығыстар мен қарулы шие­леністердің сипатына сәй­кес әскери бөлімдер мен құрама­лар­дың жауынгерлік және жұ­мылдыру әзірлігін одан әрі арт­тыруға, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыруға, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға шоғырландырылады. Әуе қорғанысы күштерінде жаңа оқу жылына қойылған тап­сырмалар жауынгерлік әзір­лік пен жауынгерлік қабі­леттіліктің жоғары деңгейін ұстап тұру, барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби және жеке даярлығын арттыру, қарапайым және күрделі метео­жағдайларда (күндіз жә­не түнде) ұшу құрамының пилотаждау шеберлігін жетіл­діру, әуе ұрысын жүргізу, әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдану, сондай-ақ, әуе шабуылына қар­сы қорғаныстың жалпы жү­йе­сінде кезекші күштер мен құрал­дардың жауынгерлік әзір­лігін арттыру мақсатында жауынгерлік кезекшілік жүйе­сін жетілдіру болып табылады. Әскери-теңіз күштерінің 2016 жылғы тапсырмалары ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысының басқармасында жауынгерлік кезекшіліктің сапалы түрде атқарылуын ұйымдастыру, ҚР ҚК ӘТК корабльдерінің 2016 жылғы Армия ойындары­на қатысуы жөнінде әскери бас­қарудың жоғары тұрған органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, Әскери-теңіз күштерінің құрылуы мен дамуында тәжірибе алмасу үшін Каспий маңындағы мемлекеттердің ӘТК-мен әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. «Егемен-ақпарат».