2016 жылы 8 қаңтарда «Ауыл» партиясының Орталық аппаратында партия Саяси Кеңесі Президиумының мәжілісі өтіп, Б.Б.Жексембин партияның хатшысы лауазымына тағайындалды.
Бөрібай Биқожаұлы Жексембин еліміздің аграрлық секторында көп жылдар бойы еңбек етті. Жезқазған, Жамбыл облыстары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарды.
Экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік марапаттарға ие.
Б.Б.Жексембин «Ауыл» партиясындағы өз жұмысында аймақтық филиалдарды, аграрлық секторды жаңашылдықпен дамыту бағыттарын басшылыққа алады.
«Егемен-ақпарат».