• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
09 Қаңтар, 2016

Оңтүстікке шетел инвесторлары қаржы салуға ниетті

289 рет
көрсетілді

Алдына қойған мақсаты ай­қын емес мемлекет замананың соққан желімен айдында ескексіз қалтылдаған қайықтың күйін ке­шеді. Оған бүгінгі дағдарыс жағ­дайында мысал көп. Ал Қазақстан – мақсат-мүд­десі айқын, даму жолдары кезең-кезеңімен Ұлт Жоспарында түзілген, әлемдегі озық отыз елдің қатарына қосылуға да әрекет жасап жатқан мемлекет. Елбасы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында осының бәрін талдап, алдағы іске асатын жұмыстарды көрсетіп берді. Қазір елімізде «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» бағ­дарламасымен ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Облыс орталықтары жаңа қазақстандық арманға жету жолында жемісті жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2015 жылдың 11 айында 593 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, ол 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 млрд. теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш бойынша біздің өңір рес­публикада бесінші орынға ие. Ал өңдеу өнеркәсібінде 373,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 353,7 млрд.теңгені құраған. 2015 жылы «Агробизнес – 2020», «Нұрлы Жол» бағдар­ла­ма­лары шеңберінде облыстық және жергілікті бюджеттен 22 бағдарлама бойынша 28,5 млрд. теңге бөлініп, ол 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артқан. Осы бөлінген қолдау қаржылары мен жүйелі жұмыстардың арқасында ауыл шаруашылығының егіс көлемі 772,5 мың га ұлғайған. Ал, респуб­ликада жылыжайлар үлесінің 87 пайызын құрайтын өңірімізде жылыжай көлемі 1023 гектарға жетіп, мұндағы жыл сайынғы өндірілген көкөніс көлемі 150-180 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 20,7 мың бас аналық, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 47,7 мың бас ұсақ мал алынса, «Құлан» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3894 бас жылқы алынып, көзделген меже артығымен орындалған. Елбасының бастамасымен осыдан алты жыл бұрын қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бүгінде ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқарып келеді. Сонымен қатар, шағын бизнестің өркендеуіне ықпал етіп, шикізат экспорты артуда. Бұл бағытта Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, облыс шеңберінде 11 индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде. Шымкенттегі «Оңтүстік» индус­триалды аймағында жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құрайтын 71 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Онда 5 мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 71 жобаның 35-і іске қосылып, 2,8 мың адам еңбекпен қамтылған. Жүзеге асқан жобаларға 18,2 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Ал, аудан, қалалардағы индустриалды аймақтарда орналастыруға 1,5 млрд. теңгені құрайтын 79 инвестициялық жоба мақұлданып отыр. Онда 8621 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, бүгінде 5 жоба іске қосылып, 571 азамат жұмыспен қамтылған. Өңірде Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 869 млрд. теңгені құрайтын және 19,9 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз еткен 115 жоба жүзеге асырылуда. 2015 жылы инвестиция көлемі 44,6 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба іске қосылған. Облыста бағдарламаның бірінші бесжылдығында 189 млрд. теңге инвестиция тартылып, 137 жаңа жоба іске қосылды. Нәтижесінде 11 мыңнан астам азамат жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Бұл – республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2010-2014 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі 255,8 млрд. теңгеден 604 млрд. теңгеге, яғни 2,4 есеге, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2,4 есеге, яғни 168,7 млрд. теңгеден 397,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2,1 есеге, 36,4 мың АҚШ долларынан 76,3 мың АҚШ долларына дейін өсті. Сондай-ақ, шикізаттық емес тауарлардың экспорт көлемі 1,7 есеге артқан. Облыс әкімі Бейбіт Атам­құловтың басшылығымен иннова­циялық индустрияландыру бағдарламасы бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Бүгінге дейін оңтүстікқазақстандық делегация Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия сияқты мемлекеттерде болып, Оңтүстіктің өндірістік мүмкіндіктері таныстырылды. Ірі бизнес орталықтарымен жүздесіп, екі жаққа да пайдалы ұсыныстар ортаға салынды. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс жасауға ниет білдірген инвесторлардың қатары көбейіп келеді. Оңтүстік – аграрлы облыс. Табиғат жағдайы аз шығынмен жақсы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Мұны облысымызға арнайы сапармен келген Еуропа мемлекеттерінің өкілдері де айтуда. Қазір қолдағы бар қаржыға қарап, жұмыс жасау дағдарыс жағдайында серпінділік әкелмейді. Шетел инвесторларымен қатар өзіміздің ірі кәсіпкерлерімізді қолдай отырып, жаңа өндіріс орындарын көбейту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Оңтүстікте осы бағытта бағдарламалар қабылданып, индустриалдық аймақтар бойынша Елбасының тапсырмалары тиімді орындалып жатыр. Мемлекет басшысы негіздеген Ұлт Жоспары жаңа қазақстандық арманға жеткізетінін халқымыз да біліп, бірауыздан қолдап келеді. Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы.