• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Қаңтар, 2016

Павлодарда 25 тұрғын үй жылусыз қалды

221 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 10 қаңтар. Павлодарда кеше Катаев-Суворов көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм болатын №10 жылу магистралі жарылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығындағы жылу құбырының жарылу салдарынан 25 тұрғын үй жылусыз қалды. «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының бөлім басшысы Асқар Шөмшеков: «Сондықтан № 3-ЖЭС-ның жылуын тұтынушы үйлер №1-ЖЭС-на ауыстырылды. Зақымданған құбыр магистралі жөнделгенше 25 тұрғын үй, бір балабақша мен бір мектеп жылудан ажыратылды. Қала әкімі Болат Бақауовтың жетекшілігімен апатты жою жөніндегі жедел штаб жұмыс жасауда. Зақымдануды жою үшін «Павлодар жылу желілері» серіктестігінің 30 маманы мен 10 техника құралы жұмылдырылды. Апат зардабы шамамен 12-15 сағаттан соң қалыпқа келтірілмек» – деді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.