Жайығым жатыр дөңбекшіп,
Мінезіңдей сенің, жан апа!
Күрсінем үнсіз кейде өксіп,
Өзіңді іздеп, жан апа!
Жайығым-жаным, қалайсың?
Келдім ғой сенен сыр іздеп.
Көзіме толқып қарайсың,
Фаризадан қалған бір із деп.
Толқынмен шалқып биіктеп,
Шарқ ұрар көкте шағала.
Жанарым жасын сүйіп Көк,
Жабырқап тұрдым жағада.
Жан апа, кеудем өрт шығар,
Құлақ сап жырдың үніне.
Ақ Жайық. Өлең және Сен,
Жетем деп ойдың түбіне.
Толқындар шықты жарысқа,
Қосылам мен де өлеңмен.
Қиялымды ұшырам алысқа,
Сіз тіл қатқан тереңнен...
Назира Әшім.