• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

«Алтын глобус» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

539 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 қаңтар. АҚШ-тың Лос Анджелес қаласында Халықаралық кинобаспасөз қауымдастығының ұйымдастыруымен 73-ші «Алтын глобус» сыйлығы өз иелеріне тапсырылды. Бұл туралы bbc.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салтанатты кешті BBC-дің «Кеңсе» және «Массовка» сериалдарымен танылған күлдіргі әртіс Рики Джервейс жүргізді. «Алтын глобус» жеңімпаздары Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына басты үміткерлер болып есептеледі. «Алтын глобус» сыйлығының  жеңімпаздары: Екінші пландағы үздік актриса – Кейт Уинслет («Стив Джобс»). Сериалдың немесе телевизионды фильмнің екінші пландағы үздік актрисасы – Мора Тирни («Көңілдестер»). Сериалдың үздік актрисасы (комедия) – Рэйчел Блум («Есінен адасқан бұрынғы сүйіктім»). Үздік сериал (комедия) – «Моцарт жунглиде». Үздік шағын сериал немесе телевизионды фильм – BBC-дің қойылымы «Бөрілер қонақ үйі» (Wolf Hall). Шағын сериал немесе телевизионды фильмнің үздік актері – Оскар Айзек («Қаһарманды маған көрсетіңдерші»). Сериал немесе телевизионды фильмнің екінші пландағы үздік актер – Кристиан Слэйтер («Робот мырза»). Үздік саундтрек – Эннио Морриконе («Жиіркенішті сегіздік»). Сериалдың үздік актері (драма) – Джон Хэмм («Ессіздер»). Үздік актер (комедия) – Мэтт Дэймон («Марстық»). Үздік анимациялы фильм – «Басқатырғыш» («Inside out»). Екінші пландағы үздік актер – Сильвестр Сталлоне («Крид: Роккидің мұрасы»). Үздік сценарий – «Стив Джобс». Сериалдың үздік актері (комедия) – Гаэль Гарсиа Берналь («Моцарт жунглиде»). Үздік актриса (комедия) – Дженнифер Лоуренс («Джой»). Үздік шетелдік фильм: «Саулдың ұлы». Шағын сериал немесе телевизионды фильмнің үздік актрисасы – Леди Гага («Американың қорқынышты оқиғасы: Қонақ үй»). Үздік түпнұсқалы ән – Wrining’s On the Wall («Спектр»). Үздік телехикая (драма) – «Мистер Робот» («Mr.Robot»). Сесила Де Милля атындағы құрметті сыйлық – Дензел Вашингтон. Сериалдың үздік актрисасы (драма) – Тараджи П. Хенсон («Империя»). Көркем фильмнің үздік актері (драма) – Леонардо Ди Каприо («Итжанды»). Көркем фильмнің үздік актрисасы (драма) – Бри Ларсон («Бөлме»). Үздік фильм (драма) – Итжанды («The Revenant»). Үздік фильм (комедия) – «Марстық» («The Martian»). Үздік режиссер – Алехандро Гонсалес Иньярриту («Аман оралған»). Аян Әбдуәли. Дерек: bbc.com. Сурет: afisha.bigmir.net.