• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қазақ радиосынан Бауыржан Момышұлының шығармасы беріліп жатыр

512 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. Қазақ радиосының эфирінде 12-ші қаңтардан бастап Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі негізінде жасалған жаңа жоба тыңдарманға ұсынылды. Батырдың отбасы құндылықтарын насихаттайтын шығармасы Қазақ радиосының әуетолқынынан берілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бауыржан Момышұлы басынан өткергендері мен пайым-түсініктерін күнделікке жазып отырғаны бәрімізге белгілі. Батыр көрген-білгені мен ойларын жазу арқылы адамдардың ары мен намысын, санасы мен еркіндігін оята отырып,  жақсылық жасауды адам бойына ең басты қасиет етіп сіңіру керек деп санаған. Оның қолынан бұл міндетті орындау келді. Қазақ радиосының эфирінен «Ұшқан ұя» кітабының аудионұсқасын тыңдау арқылы әрбір тыңдарман бір отбасы негізінде батырдың туған жерінде сол жылдары болған оқиғалармен, көшпенділер заманындағы қазақ этнографиясының элементтерімен таныса алады. Бір қызығы, кітапты жазуға Бауыржан Момышұлының 1955 жылдың наурызында көрген түсі түрткі болған. «Ұшқан ұя» шығармасында Бауыржан Момышұлы әкесі мен әжесінің айтқан ақылы мен өсиеттері арқылы отбасы тәрбиесінің маңыздылығын қозғайды. Автор, салт-дәстүрлерді отбасы мүшелерінің бейнесі арқылы қызықты етіп баяндайды. Әскери шығармалар мен мемуарлар жанрына жататын «Ұшқан ұя» повестер мен әңгімелер жинағы 1976 жылы Қазақ Социалистік Совет Үкіметінің мемлекеттік жүлдесін иеленді. Кітап - халықты міндет, үлкенге құрмет, Отанына деген махаббат сияқты қасиеттерге тәрбиелейтін, ұлттық дәстүрлерін ұстануға баулитын шығарма. «Ұшқан ұяның» аудио нұсқасы Қазақ радиосының әуе толқынынан 12-ші қаңтардан бастап жұмыс күндері таңертеңгі сағат 9:35-те, қайталауы кешкі 18:35-те беріліп жатыр. Дастан Кенжалин. Дерек: «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz