• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
14 Қаңтар, 2016

Қызылордада ірі жол апатынан 5 адам қаза тапты

290 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 қаңтар. Қызылорда-Тереңөзек тас жолында ірі жолкөлік оқиғасы орын алып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Жол-көлік оқиғасы Қызылорда-Тереңөзек тас жолының 35 шақырымында болған. Куәгерлердің айтуынша, күре жолдың тоғызыншы бекет тұсында Фольксваген Венто және Лада Гранта жеңіл көліктері соқтығысқан. Сондай-ақ, олар қос автокөлікте тоғыз адам болғанын мәлімдеді. Айта кетейік, оқиға орнында оның бесеуі қаза тапқан. Полицейлер көлік апатының себеп-салдарын анықтауда. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы.